Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тұман, жел, жауын: синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның бірқатар облысында дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды kazlenta.kz 

Синоптиктердің болжамынша, 17 қазанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында солтүстік-бағыттан екпіні 17-22 м/с-қа дейін жететін жел соғуы ықтимал. 17 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, сондай-ақ Ақтөбе облысының солтүстігінде, Орал және Ақтөбе қаласында тұман күтіледі. 17 қазанда түнде Павлодар облысының солтүстігінде де тұман түсіп, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

17 қазанда күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. 17 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, сонымен қатар Петропавл қаласында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

17 қазанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында да шығыстан жел соғып, күші 15-20, 23-28 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде. 17 қазанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысып, күші 15-20, 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді