Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда қызметтегі әрекетсіздігі үшін сотталған полицейдің ісі қайта қаралды

Атырауда қызметтегі әрекетсіздігі үшін 3 жылға сотталған полицейдің ісі апелляциялық тәртіппен қайта қаралды. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы полицейдің жазасын 1 жылға қысқартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, №2 Атырау қалалық сотының үкімімен ювеналды полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы 3 жылға сотталған. Алайда, сотталушы мен оның адвокаты апелляциялық шағым түсірген.

«Бұдан бұрын сотталушы К.Р. ауыр зардаптарға алып келген қызметтегі әрекетсіздігі үшін ҚР Қылмыстық кодексі 370-бабының 4-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оған өмір бойына құқық қорғау органдарында қызметпен айналысу құқығынан, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Инспектор полиция капитаны арнайы шенінен айрылды. Бірақ, сотталған К.Р. және оның қорғаушысы сот үкімінің күшін жойып, қылмыс құрамы болмауына байланысты ақтауды сұрады», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.


Апелляциялық сатыдағы сотпен сотталушының іс-әрекетінде өзіне немесе ұйымға пайда мен артықшылық алу мақсаты жоқ екені анықталды. Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық болған.


«Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың К.Р.-ға қатысты сот үкімі өзгертіліп, оның іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодексі 370-бабының 4-бөлігінің 1-тармағынан 371-баптың 2-бөлігіне (Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық) қайта сараланды. Оған 3 жылға құқық қорғау органдарында қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен.


Үкімнің сотталушыны полиция капитаны арнайы шенінен айыру туралы бөлігінің күші жойылды.


Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда полиция инспекторы қызметтегі әрекетсіздігі үшін 3 жылға сотталғанын жазған едік.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты