Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда ер адам танысын соққыға жығып, мүгедек қылған

Павлодарда танысын соққыға жығып, мүгедек қылған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Зардап шегуші екінші топтағы мүгедек атанып, 70 пайыз еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Павлодар облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2022 жылдың сәуір айында "Реченка" бақшасында болған. 56 жастағы ер адам мас күйінде төбелес ұйымдастырған. Салдарынан жәбірленуші ауыр жарақат алған. Қалалық соттың үкімінде осы жылдың сәуір айында "Реченка" бау-бақшасында бірнеше ер адамның күндіз ішімдік ішкені көрсетілген.

"Ішімдікті бірге ішу барысында 56 жастағы ер адам кенет танысына деген ескі реніштерін есіне түсіріп, назын жұдырық арқылы жеткізуді жөн көрді. Салдарынан соққы алған ер адам есін жоғалтып, мүгедек атанды. Ол оның бетінен және басынан бірнеше рет соққы жасаған", - делінген сот қаулысында.
 
Кейіннен жәбірленуші №1 Павлодар қалалық ауруханасына жатқызылды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот процесі басталды. "Сот жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, ер адамды 106-баптың 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидел Ибраева. Сот үкімімен заң бұзған азамат жәбірленушіге 3 миллион теңге көлемінде моральдік шығын өтеуге міндеттелді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді