Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мобилизациядан қашқан ресейліктерді еліне қайтара ма: Министр жауап берді

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 21 қыркүйектен бері елінен кеткен Ресей азаматтарын отанына қайтару мүмкіндігі мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Марат Ахметжанов Қазақстан мен Ресей арасында құқықтық көмек көрсету, сотталғандарды айырбастау және қылмыскерлерді экстрадициялау бойынша келісімшарттар негізіндегі қатынастар бар екенін айтты. Алайда бұл мобилизация мәселесіне қатысты емес. "Мен мобилизация туралы емес, мен тіркелген, санкцияланған және халықаралық іздеу жарияланған қылмыстық құқықбұзушылықтарды айтып отырмын. Егер әскери комиссариаттар іздесе, бұл оларды экстрадициялауға заңды негіз болып табылмайды", - деді министр.

Ең маңызды қағида – Қазақстанда да, Ресейде де жасалған әрекет қылмыстық жазаланатын әрекет болуы керек. "Егер ол (адам - ред.) халықаралық іздеуге жарияланған болса, Қазақстан ол тұлғаларды анықтап, Ресей федерациясына қайтару тәртібімен экстрадициялайды. Егер ол қылмыстық құқықбұзушылық болса", - деді ІІМ басшысы. Кейінірек министр қандай жағдайда Ресейден келген азаматтарды сол елдің билігіне беру мәселесі қарастырылуы мүмкін екенін айтты.

"Егер қылмыстық іс қозғалса (мобилизациядан жалтару, дезертирлік) және халықаралық іздеуде болса және бұл әрекет біздің елде де қылмыс болып саналса, босқын мәртебесі берілмесе біз экстрадициялауға міндеттіміз", – деді Марат Ахметжанов. Еске сала кетейік, бұған дейін Марат Ахметжанов Қазақстанның Ресеймен шекаралас өңірлерінде қалыптасып отырған жағдайға қатысты пікір білдіріп, 21 қыркүйектен бері қанша ресейліктің елімізге келгенін айтқан болатын.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты