Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы ІІМ Марат Ахметжановты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Марат Ахметжанов президентке еліміздегі криминогендік жағдай, ішкі істер органдарының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының нәтижелері жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар ол қылмыс деңгейінің айтарлықтай төмендегені туралы да баяндады. ІІМ басшысының айтуынша, елімізде қарақшылық, бопсалау және мал ұрлығы фактілері азайған. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздік деңгейі көтерілген.

Ахметжановтың сөзінше, қазір министрлік полиция тергеуінің видеоформатын енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Сондай-ақ қылмыстық процесті цифрландыру ісі жалғасуда. Бүгінде барлық қылмыстық құқық бұзушылықтың 81,7 пайызы электрондық форматта тергелуде.  Одан бөлек Марат Ахметжанов Қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру аясында аса ауыр санаттағы 928 істі тергеп-тексеру жұмыстары аяқталып, сотқа жолданғанын атап өтті. Мысалы, елордалық полицейлер компаниялардың бірінің директорына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдаған. Ол Норвегия Корольдігіне жұмысқа орналастырамын деген желеумен Қазақстанның 123 азаматын алдап, 149 миллион теңгеден астам көлемде залал келтірген.

Күдікті кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Сонымен бірге сегіз ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылған. Министрдің айтуынша, қазіргі таңда ұйымдасқан қылмыстық топ құруға және оны басқаруға қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ал есірткі қылмысына қарсы күрес аясында жыл басынан бері 1354 қылмыс анықталып, "Қара нарықтағы" құны шамамен 4,5 миллиард теңге болатын заңсыз айналымдағы 3,5 тонна есірткі тәркіленген.

Бұдан бөлек Марат Ахметжанов мемлекет басшысына Қоғамдық қауіпсіздікті халықпен бірлесіп қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдаманың негізгі ережелері туралы да мәлімдеді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдарын цифрландыру, жол апаттарының алдын алу жұмыстарын жандандыру маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ Ішкі істер министрлігіне еліміздегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті одан әрі қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндет жүктеді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты