Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Каспий жағалауында өртенген қамыстың бір ошағында от сөндірілді

Төтенше жағдайлар министрлігі алапат өртке әуеден барлау жасады. Қазір шамамен 400 шаршы метр алаңда екі жерде қамыс ашық отпен жанып жатса, 1 га алаңда қамыстың бір ошағы бықсып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағына таралған жоқ. Сөндіру жұмыстарын жүргізген сәттен бастап су ағызу құрылғысы бар ТЖМ МИ-8 тікұшағы 33 рет жалын ошағына су шашты.


«Шамамен аумағы 400 шаршы метр болатын қамыстың ашық отпен жанып жатқан бір ошағы сөндірілді. Өрт сөндіру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр» делінген хабарламада.


Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау қаласынан 30 шақырым жерде 6 гектар қамыс жанғанын хабарлаған едік. Кейін төтенше жағдайлар департаменті қамыс өртін сөндіруге теңіз жағалауындағы батпақ кедергі болып тұрғанын мәлім етті. Бұдан соң қамыс өрті 16 гектарға жетіп, түтіннің иісі Атырауда сезілді. Каспий жағалауында тұтанған от бір аптадан бері лаулап жатыр. 20 қыркүйек күні өрт ошағында қалып қойған екі өрт сөндіруші эвакуацияланды.


Кейін Каспий жағалауындағы өртті сөндіруге тікұшақ тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады