2020 жылғы 15 қазанда сағат 18.58-де Атырау облысында қамыстың жануы жойылды. Өрттің ауданы анықталуда, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Жануды жоюға Атырау облысы ТЖД-ның 49 қызметкері, 7 техникасы мен «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Жануды жою кезеңінде тікұшақ 87 тонна көлемінде 29 рет су шашты.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда күндіз Атырау қаласының Кеңөзек ауылдық округінде Каспий теңізі жағалауының батпақты жерінде қамыс өртенді. Жану ошақтары анықталғаннан кейін дереу күштер мен құралдар жіберілді. 5 күн бойы өрт сөндірушілер желдің күшеюіне, сондай-ақ батпақты жермен және өсімдіктердің қалың өсуіне байланысты қиын жағдайларда отпен күресті. Техниканың өту қиындығына байланысты жануды сөндіруге құтқару авиациясы пайдаланылды және аспалы өрт сөндіргіштер мен шартылдақтардың көмегімен жүзеге асырылды.