Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда облыстық әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы көлік апатынан көз жұмды

Қарағанды облысында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды Polisia.kz.-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

17 қыркүйек күні Қарағанды облысы Шет ауданында Ақой – Бұрма тас жолында 36 жастағы Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша көліктің басқаруына ие бола алмай, аударылып кеткен. Кейін автокөлік жанған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктің жүргізушісі және 39 жастағы жолаушысы, Қарағанды облыстық полиция департаменті Округтік әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы Данияр Тұрбаев оқиға орнында қаза тапқан.

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Данияр Тұрбаев әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы лауазымында 2015 жылдың қазан айынан бастап қызмет атқарған. 2006 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын тәмәмдаған. Төрт баласы бар. Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесі және жеке құрамы Данияр Тұрбаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтты. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті