Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында ойнап жүріп темірге басымен соғылған 10 жасар балаға күрделі ота жасалды

Көкшетаулық дәрігерлер Щучье қаласынан жеткізілген 10 жасар баланың өмірін аман алып қалды. Футбол ойнап жүрген бала қоршаудың шығып тұрған теміріне басымен соғылған, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Маңдайымен құлаған бала сол жерде ілініп тұрып қалған. Оны ажыратып алу үшін темірді кесуге тура келіпті. Металдың қалған бөлігі 10-12 см бас сүйегіне түйрелген күйі баланың оң көзіне тұрып қалған. Осы күйінде жедел жәрдем оны Көкшетауға жеткізіпті. 10 жасар балаға жасалған ота сәтті өтіп, дәрігерлер маңдайға қадалған темірді алып шыққан. Медицина мамандарының сөзінше, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, есін жиған.

"Ота да, балаға көрсетілген алғашқы медициналық көмек те аса жоғары кәсіби деңгейде өтті. Щучье қаласынан осындай жағдайда жеткізген жедел жәрдем мамандары да барлық сақтықты ұстанған. Ең бастысы, бас сүйегінен темірді алғанда баланың аса маңызды органдарына, яғни ми қабатына, жүйке талшықтарына мүлдем зақым келген жоқ, көз ұяшығы да аман", - дейді Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов.
 скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты