Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлттық экономика министрі ел экономикасын дамыту сценарийлерін ұсынды

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет отырысында Қазақстан экономикасын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған үш сценариін ұсынды, деп хабарлайды kazlenta.kz

Министрдің айтуынша, сыртқы және ішкі факторлардың өзгеруін есепке ала отырып, базалық, оптимистік және пессимистік сценарийлер әзірленген. "Базалық сценарий бойынша мұнайдың орташа бағасын барреліне 85 доллар деңгейінде және АҚШ долларының болжамды айырбас бағамын 470 теңге деңгейінде пайдалану ұсынылады. Осы сценарий бойынша жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсімі 3,9 пайыз, оның ішінде 2023 жылы 4 пайызды құрауға тиіс. Оптимистік сценарийде мұнайдың болжалды бағасы барреліне 110 доллар, АҚШ долларының бағамы 440 теңге деңгейінде белгіленді. Экономиканың орташа жылдық өсімі 4,2 пайыз деңгейінде болжануда.

Ал пессимистік сценарий бойынша мұнай бағасы барреліне 60 доллар деңгейінде және АҚШ долларының айырбас бағамы 500 теңгеге дейін әлсіреуін қарастырады. Жалпы ішкі өнімнің болжамды нақты өсімі орта есеппен 3,5 пайызды құрайды", - деді Қуантыров. Министрдің сөзінше, барлық сценарий бойынша инфляция 2023 жылы 7,5-9,5 пайыз деңгейінде, 2024 жылы 4-5 пайыз деңгейінде, кейін 2025-2027 жылдары 3-4 пайызға дейін төмендейтін болады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты