Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Курсанттар "Ел қорғаны" медалімен марапатталды

 

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының екі курсанты Алматы қаласы көшелерін төтенше жағдай кезінде қорғауда көрсеткен кәсіби шеберліктері үшін ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен марапатталды.

 

«Төтенше жағдай кезінде полиция қызметкерлерімен бірге жаяу патрульдеуге тартылған болатынбыз, сол кезде белгісіз адамды жарылғыш затымен ұстадық. Мұны ерен ерлік деп есептемейміз, себебі бұл әр азаматтың парызы. Біз әрқашан өз Отанымызды қорғауға әзірміз», - деді курсанттар бірауыздан. 


Оқиға осы жылдың сәуір айында орын алған болатын. Курсанттар Ерсұлтан Болат пен Азат Смайыл қала көшелерін патрульдеу кезінде оларға бір жігіт келіп белгісіз екі адамның бірінің қолында гранатаға ұқсас жарылғыш зат барын айтқан. Курсанттар олардың жеке бастарын анықтамақ болған, алайда олар сөзге құлақ аспай қашуға ыңғайланған. Нәтижесінде, бұзақылар ұсталып, полицияға тапсырылды, граната тәркіленді. Олардың бірі бұрын ұрлық пен қарақшылық үшін сотталған болып шықты.  


Фото: РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді