Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Блок-бекеттегі полицейлер марапатталды

 

Түркістан облысында блок-бекеттерде қызмет еткен полицейлер марапатталды, Polisia.kz-ке сілтеме жасап kazlenta.kz деп хабарлайды.


1 маусымнан бастап облыстар, қалалар арасындағы блок-бекеттер алынатындығы белгілі. Осы тұста аталмыш блок-бекеттерде өз міндеттерін мінсіз атқарған полицейлерді Түркістан облысы Полиция департаменті басшысының арнайы «Алғыс хатымен» ПД басшысының орынбасары Асылжан Қалдарбеков марапаттады.


Асылжан Қалдарбеков полицейлерді марапаттау үшін арнайы Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы Сауран блок-бекетіне барды. Онда облыс аумағында коронавирус індетінің таралу жолдарының алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында күшейтілген режимде қызметтік міндеттерін адал атқарғандар полицейлермен тілдесіп, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтың атынан алғысын жеткізді.


Марапатқа ие болған полицейлер әрқашан халық үшін қызмет етуге дайын екендіктерін жеткізді.
<!--more-->

ТО ПД ЖПҚ ППБ инспекторы Нұрбол Кужимов: – Осы екі айдан астам уақыт ішінде күні-түні қызмет атқардық. Күшейтілген режимде жұмыс істеу оңай емес. Дегенмен тұрғындардың амандығы, қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуы жолында шаршамаймыз. Бұл біздің міндетіміз екенін түсіне отырып, мінсіз қызмет атқаруға барымызды салдық. Сол себепті біздің еңбегімізді елеп-ескеріп, марапаттап отырғандарыңызға рахмет. Одан бөлек осы екі ай блок-бекетте атқарған қызметіміз үшін қосымша сыйақыда берілді. Барлығы үшін Министрлікке, ПД басшылығына ризамыз -деп атап өтті.

<!--more-->

Түркістан облысында Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап 100-ге жуық блок-бекеттер қойылған болатын. Онда 1500-ге жуық тәртіп сақшылары қызмет етті. Төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін облыста сегіз блок-бекет қалған болатын. Сонымен қатар, коронавирусқа қарсы ұйымдастырылған іс-шараларға жұмылдырылған 1409 қызметкер ақшалай сыйақымен қамтамасыз етілген.


Фото: Polisia.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады