Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

30 мыңнан астам бала «AMANAT» партиясынан жаңа оқу жылына қажет жиынтықтар алады

30 мыңнан астам бала «AMANAT» партиясынан жаңа оқу жылына қажет жиынтықтар алады

«AMANAT» партиясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Баланы мектепке даярлайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының басталғаны туралы хабарлайды. 

«Баланы мектепке даярлайық!» акциясы партиялық «Бақытты отбасы» жобасы аясында дәстүрлі түрде өткізіледі. Оның басты мақсаты – көп балалы және аз қамтылған отбасыларға балаларын 1 қыркүйекке дейін мектепке дайындауға көмектесу.

Акцияға партияның Орталық аппараты мен аймақтық филиалдарының қызметкерлері, партия депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері және қарапайым азаматтар қатысады. Ел аумағындағы 30 мыңнан астам бала аманаттықтардан жаңа оқу жылына арналған жиынтықтар алады деп жоспарланып отыр. Яғни, оларға мектеп формасы, оқулықтар мен кеңсе тауарлары салынған рюкзактар ұсынылады.


Мәселен, бүгін Павлодарда партиялықтар алты баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Валентина Григорьеваның шаңырағына барды.

«Балалар тез өседі ғой. Жыл өткен сайын оларды жаңа оқу жылына дайындау қиынға соғып барады. Өткен аптада партияға жүгінген болатынмын. Бүгін қажет заттың бәрін алып келді», деді көп балалы ана Валентина Григорьева.

Ал Өскеменде аманаттықтар Мүшелбаевтар отбасына барды. Ербол және Әсел есімді ерлі-зайыптылар төрт бала тәрбиелеп отыр. Сондықтан жаңа оқу жылы қарсаңында партия көмегі уақтылы қолдау болды.

«Көп балалы отбасылар үшін балақайларды жаңа оқу жылына дайындау – үлкен жүктеме. Партияның мұндай бастамасы біз үшін қомақты қолдау», – деді көп балалы ана Әсел Мүшелбаева.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты