Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Жетісу” мешітінде 110 балаға мектеп формасы таратылды

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Талдықорған өңірі бойынша Бас имамы Алмас Сағидоллаұлының ұйытқы болуымен және "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен, Талдықорған қаласына қарасты "Жетісу" мешітінде "Мектепке жол" акциясы бойынша қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Аталмыш шарада мектеп жастағы 110 балаға мектеп формасын тарту етті.

“Осы игі-шарға ат салысқан барша жомарт жандарға алғыс білдіреміз. Алла сіздерге ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық берсін. Шүкір, осындай азаматтарымыздың арқасында балаларымызға, келешек ұрпаққа көмек көрсетіп, бақыт сыйлап жатырмыз“ – деді ашылу салтанатында Талдықорған өңірі бойынша Бас имамы Алмас Сағидоллаұлы.

Жаңа оқу жылының басталғанына қарамастан, көптеген отбасылар балаларын мектепке дайындап үгермеген. Сол себепті, жасалған игі шара ең әуелң ата-аналарды қуанышқа бөледі. Себебі, бауыр еті баласының мектепке қажетті керек жарағын жомарт жандар қамтамасыз етіп отыр. Сөмке, дәптер, қалам қағазды сатып алу әлеуеті әлжуаздарға әжептеуір салмақ салады. Бағасы да қазіргі таңда өршіп тұр, сондықтан, қолы ашық жамағат игі бастаманы қолға алды.

“Балалар – біздің болашағымыз. Егер де оларға қазір көмек көрсетсек, болашақта олар көргенін жасап, жомарт болып өседі. Бұл деген кермет қой. Жағдай барда, көмектесуіміз қажет, өзіміз үшін, Алланың разылығы үшін“ – дейді жомарт азаматтардың бірі.

“Хадисте: «білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз» деген. Қазіргі уақытта жүріп жатқан мектепке дайындық науқанында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көп балалы, жалғызбасты және қамқоршысынан айрылған аналар балаларының мектепке қажетті құрал-жабдықтарын толығымен қамтамасыз етуге жағдайы жете бермейді. Оқуға қажетті барлық құрал-жабдықтарды сатып алып, акцияға демеушілік жасаған жомарт жандарған шексіз алғысымызды білдіреміз. Алла разы болсын! “ – деп айтты мәз-мейрам болған ата-аналар.

Бұл шара Жетісу өңірінің дін өкілдерінің алғашқы игі бастамасы емес. Жылдың әр мезгілінде мұқтаж жандарға көмек көрсету акциясын дәстүрге айналдырған. Осы жолы да атын жариялауды қаламайтын жомарт жандар сауапқа кенелді, мұқтаждар қуанышқа бөленді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді