Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында діни ахуал тұрақты

Бұл туралы Алматы облыстық дін істері басқармасының басшылығы айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастардың арқасында барлық мәселелер оң шешім табуда. Қазіргі таңда облыста заңды түрде 637 діни бірлестік жұмыс істейді. Оның ішінде: 466 ислам мешіттері, 52 православиелік, 11 Рим-Католиктік, 96 протестанттық, 10 Ехоба куәгерлері, 1 Бахай қауымдастығы. Сондай-ақ жиын барысында өңірде теріс ағымға түскен тұрғындардың да бар екені айтылды. Олармен түсіндіру, түзету шаралары тұрақты түрде  жүргізіліп тұратыны да тілге тиек етілді.  Жалпы осы орайда басқарма тарапынан  2019 жылы халықтың діни сауаттылығын арттыру бойынша 394 244 адам қамтылған түрлі іс-шара өткізіліпті.

Облыстық дін істері басқармасының бастамасымен өңірд "Экстремизмге жол жоқ!" тақырыбында байқау да өз мәресіне жетті. Онда дін саласындағы өзекті мәселелер туралы әлеуметтік бейнероликтер түсірілген-тін. Шығармашылық жұмыстары үздік деп танылғандар алғыс хат және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Шара "Нұр Отан" партиясы ғимаратының мәжіліс залында өтті. Жалпы, аталған байқауға 20 астам үміткер өз жұмыстарын ұсынған. Оның ақтық сынға тек 7-уі ғана іріктеліп алынған. Жиын барысында әділқазылар тарапынан сын-пікірлер айтылды. Қатысушыларға әлеуметтік бейнероликтердің қоғамға тигізер үлес-салмағының көп екені түсіндірілді. Аталған байқауда 3-ші орынды "Жастарды жат ағымнан қорғайық" бейне түсірілімінің авторы Әнуар Асқарұлы еншіледі. 2- ші орынға «Блогер» бейнеролигінің авторлары Goodjob тобы ие болды. Ал, 1-ші орын жүлдесі "Жусан операциясы" бейнеролигінің авторы Диана Манасқа табысталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді