Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да аудан тұрғындары аймақта алтын өндіретін фабриканың салынуына қарсы шықты

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы 10-ға жуық ауылдың тұрғындары Маралдыда алтын өндіретін фабриканың салынуына түбегейлі қарсы. Олардың айтуынша, қазба байлыққа құныққандар заңды белден басып, табиғатқа залал келтірген. Тұрғындар қазірдің өзінде 100 гектарға жуық аумақтың ойран-топыры шыққанын айтып, дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Хабар24 телеарнасына сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Телеарнаның хабарлауынша, Маралды ауылының маңы қазылып, жайылым тарылған. Елді мекеннің сиырлары алтын қазғандардың қопарып тастаған жерінде жайылуда, дейді олар. Ал ауыл тұрғындарының сөзінше, кен іздегендер ауыл төңірегіне келгелі малдың жайылымы ғана емес, елдің тынысы да тарылған. Өзендегі балық саны да азайған.

"Ауылымызды түгел шаң басып кетті. Ауыл адамдары демалудан қалды. Бәрі үйіне тығылып жатыр. Қазір басталмай жатып осылай болса, фабрика салынса не болады?", - дейді Әділ Қожықов есімді ауыл тұрғыны.

Жергілікті халық алтын өндіретін фабрика салынса, мөлдіреп ағып жатқан Күршім өзені де жарамсыз күйге түсе ме деп алаңдайды.

"Мына жер алтын қазатын жер емес, бұл - туризмді дамытатын жер. Біздің жерімізде, мына өзенде таза балық өседі. "Қызыл кітаптағы" таймень, хариус бар", - дейді тұрғындардың бірі. Ал компания өкілі бұдан келер қауіптің жоғын айтады.

"Ауылдың дәл төбесінде тұр деп тауды айтып жатыр. Таудың ішінде кен орындары бар. Бұл фабрика кен орнының үстіне салынбайды. Бір жотадан ары қарай. Ауылға дейін үш шақырым", - деп жауап берді кен өндіруші компанияның экологы Дәулет Асанов тұрғындар шағымына.

Сондай-ақ компанияның геолог маманы кен алуға рұқсат қағазы бар екенін алға тартады. Осы ретте Маралдыға Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфықар Жолдасов арнайы келіп, қоғамдық тыңдауға қатысқан. Жиында тұрғындар алтын өндіретін фабрика салынбасын деген талап қойған. "Халықтың, осы жердің тұрғындары, көпшілік наразылығын білдіріп жатыр. Негізі кез келген жоба, кез келген бастама тек халықтың тыңдауымен өтуі керек. Соны басшылыққа алып, шешім шығарамыз", - дейді Зұлфықар Жолдасов. Тұрғындардың талабына байланысты нақты шешім бір айдан кейін айтылатын болды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді