Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлттық ұланның авиациясы екі жаңа тікұшақпен толықты

“Қазақстан авиациялық индустриясы” ЖШС базасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясына сатып алынған екі жаңа жаңғыртылған Ми-171Е көпфункционалды тікұшағының тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұсаукесер рәсіміне ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов, Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Нұрболат Топаев қатысты. Сондай-ақ “Вертолеты России” және “Улан-Уденский вертолетный завод” Акционерлік қоғамдарының өкілдері болды.

Тұсаукесер рәсімінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Марат Ахметжанов Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық ұланның сандық және сапалық жағдайына ерекше мән беріліп отырғанын тілге тиек етті.

“Бүгінгі таңда әскер авиация Ми-171Е көпмақсатты тікұшақтармен толықтырылып жатыр. Бұл тікұшақтар әскери қызметшілерді, қару-жарақ пен басқа да әскери техниканы ауа райының қиын жағдайларында тасымалдауға арналған. Әуе кемесінің ішіндегі заманауи жабдықтар барлау, патрульдеу, іздестіру-құтқару жұмыстары, эвакуациялау, жерден де, ауадан да десанттау бойынша міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Бұл біздің әуе паркіміздің жасақталуын арттырады, қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау мүмкіндіктерінің спектрін айтарлықтай кеңейтеді. Ең бастысы бұл авиациялық техникалар Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның қажеттіліктеріне арналған №405 авиажөндеу зауыты тікұшақтарының алғашқы шығарылымы екенін атап өткім келеді”, – деді полиция генерал-лейтенанты.

Шара барысында қысқаша экскурсия өткізіліп, тікұшақтарды таныстыру бағдарламасы шеңберінде қонақтар ойларымен бөлісті. Сондай-ақ әуе кемелерінің мүмкіндіктері жөнінде танымдық бейнематериалдар көрсетіліп, салтанатты жағдайда ленталар қиылды. Жиналған қауым тікұшақтарды қарап шықты.

Екі ВК-2500 турбовальді қозғалтқышы бар Ми-171Е әскери-көліктік тікұшағы адамдарды және әртүрлі жүктерді жүк кабинасында тасымалдауға, ірі габаритті жүктерді сыртқы аспада тасымалдауға, сондай-ақ жету қиын жерлерде арнайы жұмыстар жүргізуге арналған. Тікұшақ бес жүзді тірек және үш жүзді рульдік бұрандасы бар бір бұрандалы схема бойынша жасалған. Айтып өту керек, алғаш рет экипаж бен техниканы қорғау мақсатында тікұшаққа бронеплиталар орнатылған.

Жалпы айтқанда, Ми-171Е тікұшағының жабдықталуы максималды жылдамдығы мен ұшу ауқымын, сыртқы аспадағы жүк көтергіштігін арттыруға, сондай-ақ биік таулардағы тығыз ауада және жоғары температура жағдайында ұшуларды сенімдірек етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда ҚР Ұлттық ұланының авиациясы балансында Ан-74, Ан-26, Y8 ұшақтары және Ми-8, Ми-171 тікұшақтары бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді