Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерінде кенеттен тексеріс жүргізілді

Алматы гарнизонының әскери бөлімдерінде жауынгерлік кезекшіліктің ахуалына, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін өрістетуге, авиациялық топтардың әзірлігіне, әскерлер қызметіне, жауынгерлік даярлық пен материалдық-техникалық қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Осыған байланысты әскери бөлімдер жауынгерлік оқу-жаттығу міндеттерді орындай отырып, жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейіне келтірілді. Сонымен қатар, барлық тексерілетін бөлімшелермен бақылау сабақтары өткізілді.


Қауырт тексеру барысында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімшелері қарсыластың әуе мақсаттарын анықтау және шартты түрде жою жөніндегі іс-қимылдарды, ал авиация базасының инженерлік-техникалық құрамы мен қамтамасыз ету күштері авиация техникасын жауынгерлік оқу-жаттығу ұшуларына дайындау жөніндегі іс-шараларды пысықтады. Ұшу құрамы ұшу дағдыларын, нысанды дәлдеу ептілігін және шартты қарсыласты жоюды, сондай-ақ жауынгерлік ұшуды орындауды бағалады.


- Аталған тексеру Алматы гарнизонының Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің жеке құрамы елдің әуе шебін күзетудегі жүктелген міндеттерді орындауға дайын екенін көрсетті. Бұл жеке құрамның жауынгерлік дағдысын, әскери бөлімдердің қойылған міндеттерді қысқа мерзімде орындауға дайындығын, сондай-ақ жауынгерлік даярлық деңгейі мен бөлімшелердің үйлесімдігін жан-жақты бағалау, - деді авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов.


Күтпеген жерден тексеруді ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының комиссиясы жүзеге асырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды