Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үш айда отандық әуе компаниялары 2 млн жолаушы тасымалдады

Тасымалдаған жолаушылар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 5%–ға артты. 2021 жылы бұл көрсеткіш 1,9 млн жолаушыны құраған болатын. Сонымен қатар, көрсеткіштің пандемиялық 2020 жылға дейінгі өсуі байқалады. Өсім 17% құрады,  деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда отандық әуе компаниялары ішкі желілерде 1,5 млн жолаушы (2021 – 1,7 млн жолаушы, 2020 – 1,1 млн жолаушы), халықаралық желілерде – 500 мың жолаушы (2021 – 400 мың жолаушы, 2020 – 400 мың жолаушы) тасымалдады.

Жолаушылар ағыны Air Astana компаниясында 800 мыңға жуық жолаушыны; FlyArystan мен SCAT компанияларында 500 мыңға жуық жолаушыны құрады. 

Ағымдағы жылдың үш айында әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 3,7 млн. жолаушыны құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2%–ға артық (2021 жылы – 3,6 млн жолаушы, 2020 жылы - 3,3 млн жолаушы).

Бүгінгі күні ішкі әуе рейстерін 5 отандық әуе компаниясы аптасына 613 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша орындайды.

Халықаралық ұшулар 77 бағыт бойынша 24 елге орындалады, жиілігі - аптасына 319 рейс. Бұл - Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Германия, Египет, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Польша, Армения, Ұлыбритания, Мальдив аралдары, Таиланд, Әзірбайжан, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Үндістан, Иран елдері.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді