Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Энергетика министрлігі жалпы қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг-ферманың анықталғаны туралы хабарлайды

Жақында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті аумақтық департаменттерінің қызметкерлері құқық қорғау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің (бұдан әрі – мобильдік топ) қатысуымен цифрлық майнинг объектілерін анықтау мақсатында бірлескен тексерулер жүргізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мобильді топтар жүргізілген тексерулер нәтижесінде соңғы 5 күнде жалпы тұтыну қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг-ферманы анықтап, жұмысын тоқтатты.

Төменде цифрлық майнинг объектілері қызметінде анықталған фактілер бойынша мобильді топтар жұмысының нәтижелері толығырақ берілген.

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыру фактісі: Қарағанды облысында жалпы қуаты - 31,3 МВт., Павлодар облысында - 22 МВт., Түркістан облысында - 3,28 МВт, Ақмола облысында - 1,03 МВт., Қостанай облысында - 0,82 МВт, Нұр-Сұлтан қаласында - 1,8 МВт., Алматы қаласында - 3,5 МВт., Шымкент қаласында – 4 МВт.

Сондай-ақ цифрлық майнингке өздігінен шектеу енгізілген: Батыс Қазақстан облысында жалпы қуаты - 91 МВт, Қарағанды облысында - 44 МВт.

Майнинг фермаларын анықтау және электр желілерінен ажырату бойынша мобильді топтың жұмысы жалғасады, сондай-ақ анықталған майнинг фермалары бойынша уәкілетті органдар жедел тергеу іс-шараларын жүргізуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі