Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысы еліміздегі жанар-жағар май қорының бірден азайып кетуіне жол бермеу қажет екенін атап өтіп, ішкі нарықтағы жағдайды осындай келеңсіздікке әкеп соқтырған ведомстволардың жұмысын сынға алды. Президент өнеркәсіп пен халықты электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету, сондай-ақ қосымша өндіріс қуаты көздерін құру қажет екеніне назар аударды,  деп хабарлайды kazlenta.kz.

Энергетика министрі Президентке тапшылықтың орнын толтыру үшін қабылданған шұғыл шаралар туралы баяндады. Осыған байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары 2022 жылға шегерілген. Бұдан бөлек Ресейдің Энергетика министрлігімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде шамамен 150 мың тонна дизель отыны көрші елден импортталды. Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта жағдай тұрақталып келеді.

Сонымен қатар министр Мемлекет басшысына Қазақстанның электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі болжамды теңгерімі жөнінде айтты. Алдағы онжылдықта электр энергиясын тұтыну көрсеткіші жыл сайын өседі деп күтілуде. Осыған байланысты жаңартылатын энергия көздерінің, сондай-ақ газ және гидроэлектр станциялары есебінен өндіріс көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысына цифрлық майнинг саласын бақылау үшін қабылданып жатқан шаралар таныстырылды. Бұл өз қызметін тіркеусіз атқаратын субъектілерге қатысты. Министр «сұр» майнерлер шамамен 1200 МВт-қа дейін электр энергиясын тұтынатынын және оларды анықтау жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке, қажет болған жағдайда, басқа да құзырлы органдарды тарта отырып, аталған жұмыстарды жылдамдатуды, сондай-ақ майнингті заңнамалық тұрғыдан реттеу мәселесін кейінге қалдырмауды тапсырды. Бұл ретте «ақ» майнерлер өз қызметін қосымша шектеулерсіз жалғастырады.

Мемлекет басшысы ішкі нарықты сапалы жанар-жағар маймен және үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін Қазақстанның ресурсы мол екенін айтты. Президент Энергетика министріне жүктелген міндеттерді шешу үшін тиісті шараларды қабылдау қажеттігін тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді