Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық кәсіпкерлер халықаралық маркетплейс алаңына шығу мүмкіндігіне ие болады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Ozon ресейлік маркетплейсінің басқарушы директоры Сергей Беляковпен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Тараптар Қазақстанда Ozon компаниясының дамуын, сондай-ақ өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері — салық салу, электрондық құжат айналымы және т. б. талқылады.

«Қазақстанда, бүкіл әлемдегі секілді, қазіргі таңда электрондық коммерция мен маркетплейстер, оның ішінде халықаралық алаңдар белсенді түрде дамып жатыр. Қазақстандық өндірушілер үшін бұл ел ішінде де, халықаралық нарықтарда да сауда көлемі мен өткізу географиясын ұлғайтудың тамаша мүмкіндігі», — деді Бақыт Сұлтанов.

Қазақстандағы Ozon компаниясының қызметі екі негізгі бағытта дамитын болады: логистикалық инфрақұрылым құру және қазақстандық кәсіпкерлерді маркетплейс платформасына шығару. 2021 жылғы желтоқсанда «QazTrade» АҚ мен Ozon арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ozon басқарушы директоры Сергей Беляков компания өзінің логистикалық құрылымын республикада дамытуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

«Ірі логистикалық нысанның ашылуы өңірден сатушылар санын орта есеппен 50%-ға арттыруға мүмкіндік береді – олар тауарды сату алаңына тезірек әрі арзан бағада жеткізе алады, сондай-ақ тіпті елдің ең шалғай аудандарындағы сатып алушылар да өз тапсырыстарын тезірек ала алады», — деп атап өтті С. Беляков.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты