Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мамин «Tyson Foods» басшылығымен ҚР-да ет өңдеу жобасын іске асыру мәселесін талқылады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Tyson Foods» халықаралық бизнес жөніндегі президенті Кристофер Лангхольцпен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кездесуде Қазақстанда заманауи агро-мультипротеин индустриясын дамыту мәселелері талқыланды.

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің АҚШ-қа сапары барысында 2019 жылғы желтоқсанда қол қойылған келісімге сәйкес «Tyson Foods» қазақстандық «Kusto Group» компаниясымен бірлесіп Қазақстанда сиыр еті өндірісінің толық циклін ашуды жоспарлап отыр. 

Осылайша, бірінші кезеңде ҚР-да өнімділігі тәулігіне кемінде 2 мың басты құрайтын заманауи ет өңдеу кешенін салу көзделген. Кәсіпорын қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар өнімді шетел нарықтарына да экспорттайтын болады.

Жобаны іске асыру ет индустриясын және АӨК-тің басқа да іргелес салаларын – ветеринарияны, аграрлық машина жасауды, жемшөп дақылдарын өсіруді, бордақылау алаңдарын құруды және т. б. дамытуды ынталандыратын болады. Қазақстанның ауыл шаруашылығында он мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылады.

Өндірістік цикл америкалық «Экстеншн» қызметінің моделі бойынша қазақстандық фермерлерге ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетумен сүйемелденетін болады, бұл консультация беруді, жергілікті жерлерде кадрлардың біліктілігін арттыруды және кәсіптік-техникалық оқытуды қамтиды.

«Tyson Foods» компаниясының негізі 1935 жылы қаланған, компания айналымы $43,1 млрд құрайды, қызметкерлер саны – 139 мың адам.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты