Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Облыс әкімі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен өңірлік жедел штабтың кезекті отырысында бірқатар мәселелер қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Аймақ басшысы өңірдегі жағдайдың тұрақталғанын, дегенмен іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатқанын жеткізді.

Жалпы, 4-6 қаңтар күні Тараз қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 2563 күдікті полицияға жеткізілді.

Құқық қорғау органдары тарапынан жүргізілген жедел операциялардың нәтижесінде ұсталғандардың 458-і әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 51-іне қылмыстық іс қозғалған.

Ұсталғандардан тәркіленген және заңсыз айналымнан алынған қару-жарақтардың саны 156-ға жетті.

Облыс әкімі қару-жарақтардың есебін жүргізу, азаматтардың өз еркімен тапсыруы, заңсыз айналымнан тәркілеу шараларын жеделдету керектігін баса айтты.

Қазіргі таңда облыс аумағында 28 блок-бекет жұмыс жасауда десек, басқосу барысында олардың санын азайту мәселесі қаралды.

Қайтыс болған азаматтардың отбасыларымен психологиялық жұмыстар жүргізу, мектеп оқушылары және колледж студенттері бойынша түгендеу, ата-аналарының жауапкершілігін арттыру жайы назарға алынды.

Жиын қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеген Бердібек Сапарбаев халықтың қауіпсіздігін, қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету бойынша барлық тиісті шаралар бақылауда болу керектігін тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады