Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында қуаттылығы 50 МВт болатын КЭС салынуда

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданындағы «АЕК АСА» ЖШС күн электр станциясының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталғанэлектр станциясының құрылысы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп жоспарлануда. Жобалық қуаты – 50 МВт.

Жоба аясында16 млрд. теңге инвестиция тартылуда.

Жергілікті билік инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмектесуде. 300 гектар жер бөлінген. Бас мердігер «RODINA» компаниясы (Украина).

Жоба жетекшісі Денис Ткаченконың айтуынша күн электр станциясының құрылысына 170 адам тартылса, нысан іске қосылғаннан кейін 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Бір айта кетерлігі, станцияға орнатылып жатқан электр өндіретін панельдер күн сәулесіне қарай арнайы механизімнің көмегімен қозғалып отырады. Мұндай заманауи қондырғы өңірімізде алғаш рет қолданысқа енуде.

- Жамбыл облысының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудағы әлеуеті зор. Инвестициялық ортаны жақсарту, табиғи ресурстарды барынша пайдалану бойынша шаралар қабылдау қажет. Күн электр станциясы – өңірді электр энергиясымен қамтамасыз етуге өз үлесін қосатын маңызды нысан. Мұндай жобаның іске асуы жаңа жұмыс орындарын құруға, бюджетке салық түсімдерінің және өңірге тартылатын инвестициялардың артуына ықпал етеді, бұл облыс экономикасына оң әсер етері сөзсіз, - деп атап өтті облыс әкімі.

Айта кетейік,Жамбыл облысындабаламалы электр қуатын өндіретін нысандардың саны 17-ге жетті. Олардың жалпы қуаты 388 МВт құрайды. Бұл нысандармен елдегі баламалы электр энергиясының 20 пайызы өндіріледі.

Сондай-ақ, өңірге жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Аса ауылдық округіндегі «Алел Агро» ЖШС құс фабрикасында болды. Жобалық құны – 1,2 млрд теңгені құрайтын, заман талабына сай салынған нысан арнайы қондырғылармен жабдықталған. Бүгінгі таңда өндіріс толығымен іске қосылған.

Облыс әкімі тұрақты жұмысқа негізінен жергілікті тұрғындарды тарту керектігін баса айтты.

Аймақ басшысы «АСА АГРО» ЖШС құс фабрикасының құрылысымен де танысты. Жоба құны – 8 миллиард теңге. Мұнда жылына 21 мың тонна өнім шығару жоспарланған.

- Жалпы, көлемі 2,6 гектар жер телімімен бұрынғы сүт тауарлы фермасының ғимараты сатып алынып, демонтаж жұмыстары жүргізілуде. Германиядан арнайы құрылғылар жеткізілді. Егер жоба толығымен жүзеге асса, жылына 21 мың тоннаға дейін құс етін өндіруге мүмкіндік тумақ. Алдағы уақытта өндіріс қуатын екі-үш есеге артады деп күтілуде,-деді серіктестік басшысы Төлебай Меңдіоразов.

Бердібек Сапарбаев жергілікті билік тарапынан тиісті қолдаулар көрсетілетінін жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты