Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда КВИ-мен ауырғандар саны 38% - ға азайды

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева қалада жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылғандар санының азайғанын, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем қызметіне жүгінушілер санының азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бейінді басқарманың мәліметінше, бүгінгі күні қала бойынша КВИ жұқтырған 359 пациент инфекциялық стационарларда ем алуда, оның ішінде 40 адам реанимацияда жатыр.

"Инфекциялық стационарларға емдеуге жатқызылған пациенттердің саны өткен айлармен салыстырғанда аз болды. Осылайша, КВИ науқастарының да 38% - ға, сондай-ақ стационарлық емделуде жүргендердің де 27% - ға төмендегені байқалады. Сондай - ақ, жедел медициналық жәрдем қызметіне жүгінулер мен шақырулар саны 27% - ға азайды", - деді Гүлназ Досмырзаева.

Бұл ретте МСАК ұйымдары коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге үйде қызмет көрсетуді жалғастыруда. Мобильді бригадалар күніне 1000-1200-ге жуық амбулаториялық пациенттердің үйіне барады.
Айта кету керек, аурудың төмендеуінің оң динамикасына қарамастан, елорда тұрғындары мен қонақтары санитарлық нормалар мен карантиндік шектеулер талаптарын қатаң сақтауы керек. Қауіпті вирустан және оның салдарынан қорғаудың ең тиімді әдісі вакцинация болып қала береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты