Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалықтарды COVID-19-дан өз бетінше ем алмауға шақырды

Елордалық дәрігерлер коронавирус инфекциясының алғашқы белгілері байқалған сәтте медициналық көмекке жүгінуді және дәрігерлердің тағайындауын естен шығармау қажеттігін айтуда, деп хабарлайды kazlenta.kz Нұр-сұлтан қаласының әкімдігіне сілтеме жасай отырып.


Бұл үшін Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында ЖРВИ мен КВИ симптомдары бар науқастардан басқа науқастардан бөлек қабылдауға арналған сүзгі-кабинеттер жұмыс істейді.


Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, соңғы екі айдың ішінде жүгінген 15 мың адамның 323-нен COVID-19 инфекциясы анықталған. Оның ішінде науқастардың 25 проценті Инфекциялық стационарларға жатқызылды.


– Қазір қала тұрғындары арасында үйде емделу және дәрігердің тағайындауынсыз вирусқа қарсы препараттарды қабылдау жағдайға көбеюде. Мұндай өзін-өзі емдеудің салдары науқастардың жұқпалы аурулар ауруханаларына ауыр жағдайда жатқызумен аяқталуда. Бүгінгі таңда мұндай пациенттердің саны 11 адамды құрайды, – дейді басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.


Сонымен қатар, маман елордалық Денсаулық сақтау жүйесінің басты мақсаты ауруды ауыр асқынуларға жеткізбеу екенін атап өтті. Бұл көбінесе адамдардың үйде өзін-өзі емдеуіне байланысты орын алады деді.


Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қалсында МСАК ұйымдарының жанында 80-нен астам сүзгі-кабинет жұмыс істейді. Мұндай кабинеттердің негізгі міндеті – жіті респираторлық вирустық инфекция симптомдары бар пациенттерді анықтау және оқшаулау. Тексеру нәтижелері бойынша пациент ПТР-зерттеуге жіберіледі.


Басқармада қала емханалары жанында ЖРВИ және КВИ юелгілері бар науқастарға үйде қызмет көрсетуге арналған мобильді бригадалар жұмыс істейді. Мобильді топтар үй карантиніндегі пациенттерді бақылау, коронавирусқа талдау алу, дәрілік заттарды жеткізу секілді қызметтерді жүзеге асырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты