Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтан ауруханалары науқастарды қабылдау мен жатқызуды кезең-кезеңімен қайта бастайды

Елордада осы жазда ковидтік стационарларға тартылған қалалық ауруханалар кезең-кезеңімен бұрынғы қызметіне оралады. Осылайша, бүгіннен бастап №3 көпбейінді қалалық аурухана пациенттерді жоспарлы түрде де, шұғыл түрде де қабылдайтын болады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық инфекциясының төмендеуіне байланысты елордада бұрын жұқпалы аурулар ретінде бейінделген бес стационар ковидтік госпиталь ретінде жабылды.

Бұрын ковидтік аурухана ретінде жұмыс істеген Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы, Қалалық психикалық денсаулық орталығы әдеттегідей пациенттерді қабылдайтын болады. Ал Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының бір блогы әлі де жұқпалы болып саналады, онда КВИ және вирустық пневмониямен ауыратын науқастар емделіп жатыр.

«Біз жұқпалы аурулар ауруханаларын жауып, азаматтардың бұрынғыдай медициналық көмек ала алатынына қуаныштымыз. Жағдай тұрақталды, бірақ қуануға әлі де ерте. Эпидемиологиялық жағдай жақсарғанда да санитарлық нормалардың сақталуын ұмытпау керек. Жаздағы жағдайдың қайталанып, ауру көрсеткіші артқанын қаламаймыз. Мұның бәрі өзімізге байланысты. Есіңізде болсын, вирус толығымен жойылған жоқ», - деп атап өтті қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Сондай-ақ, №3 көпбейінді қалалық ауруханадағы клиникалық блоктың травматологиялық бөлімі 10 қыркүйектен бастап жарақат пункті ретінде жұмыс істейтін болады.

Басқарма вакцинация мен қала тұрғындарының санитарлық нормаларға деген жауапкершілігі арқылы ауру деңгейін төмендетуге қол жеткізілгенін атап өтті.

«Менің ойымша, осы бір жарым жыл ішінде тұрғындар кез-келген адам ауыруы мүмкін екенін, сол сияқты вирустың қауіптілігін түсінді. Өзін қорғап, денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын болды. Нәтижесінде екпе алғандардың қатары белсенді толығып жатыр. Мұның бәрі жұқпалы аурулар ауруханаларын сәтті жауып жатқанымызға оң әсер етеді. Егер қала тұрғындары қысқа мерзімде вакцинацияланса, көп ұзамай қалыпты өмірге орала аламыз», - деп толықтырды Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты