Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында Президент жолдауы аясында медициналық нысандар салу жоспарлануда

Медициналық мекемелер мен дәрігерлерге жүктелетін жауапкершілік әрдайым жоғары. Өйткені, олар адам өмірін сақтап қалу, індетпен бетпе-бет күресу, эпидемологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстау мақсатында күндіз-түні тынымсыз еңбек етеді. Медицина мамандарының осындай жауапкершілігін ескерген облыстық әкімдік аталған салаға барынша қолдау танытып, көмек көрсетіп келеді. 

Облыста денсаулық сақтау саласына қарасты 804 мекеменің 641-і мемлекеттік, 163-і жекеменшік мекеме. Онда 5219 дәрігер және 16277 медбике жұмыс істейді. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 25,4, ал орта медицина қызметкерлер 78,8 пайызды құрайды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан жаңа нақты ахуалда: іс - қимыл уақыты" атты Жолдауын және "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының 2025 жылға дейінгі жол картасын орындау мақсатында алдағы уақытта 7 емхана, 31 дәрігерлік амбулатория, 18 фельдшерлік акушерлік пункт және медициналық пункттерге қызмет көрсетуге арналған 41 блок-модульдік кешен салу жоспарланған.

Биыл Балқаш аудандық орталық ауруханасын қалпына келтіру жұмыстарымен бірге сейсмикалық күшейту және Талдықорған қаласындағы көпсалалы аурухана жанындағы №3 дәрігерлік амбулатория, патологоанатомиялық бөлімше құрылысы аяқталды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1,7 млрд.теңге қарастырылған. Сондай-ақ, жыл соңына дейін ауылдық елді мекендерді қамтамасыз ету шеңберінде медициналық пункттер үшін 37 блокты-модульдік кешеннің 20-сы іске қосылады. 5 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуге 2,0 млрд.теңге бөлінді. Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында бір ауысымда 100 адам қабылдайтын әйелдер консультациясы бар 100 төсектік перзентхана, Көксу ауданының Айнабұлақ ауылында 10 дәрігерлік амбулатория және медициналық пункт салынды. Жалпы, құрылысқа 12,0 млрд. теңге бөлінді. 7 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде 4-і «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде іске асуда. Сонымен қатар, Катар мен Қазақстан республикаларының Премьер-министрлерінің орынбасарлары Алматы облысында перинаталдық орталық салу туралы келісімге қол қойды. Бұл жоба жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерге жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетуге бағытталатын болады.

Өткен жылдан бері облыстағы жедел жәрдем қызметінің жұмысы да ширай түсті. Бүгінде Талдықорған қаласында бір орталық дербес стансы мен 23 қосалқы стансы және 82 пункт пен санитарлық авиация бөлімшесі жұмыс жасайды. Биыл 180 жедел жәрдем көлігі сатып алынып, нәтижесінде жаңа бригадалар ашылып, оның саны 206 бригадаға жетті. Қазір жедел жәрдем бригадаларына орташа жүктеме азайып, күн сайын 1 жедел жәрдем бригадасы орта есеппен 12-15 шақыруға қызмет көрсетеді, соның есебінен көмек көрсету сапасы жақсарды.

Жоғары технологиялармен қамтамасыз ету облыстың 5 медициналық ұйымында енгізілді. Бүгінде облыстық кардиологиялық орталықтың мамандары ашық жүрекке ең күрделі операцияларды орындай алады. Бес ай ішінде 50-ден астам жүрек клапанын ауыстыру, 5-ке жуық аорта аневризмасындағы операциялары, дефибриллятордың жүрек имплантациясының ішінде 40-тан астам операция жасалды. Бұдан басқа, мұрын қуысының жанында эндоскопиялық операциялар, алдыңғы крест тәрізді байламды артроскопиялық қалпына келтіру жүргізілді.

Өткен жылдан бері жұртты әбігерге салған індетпен күресте де облыс дәрігерлері жанқиярлықпен еңбек етті. Қазір облыстағы 33 медициналық ұйымда 4795 төсек, оның ішінде 370 реанимациялық төсек бар. Төсек жүктемесінің ең жоғары деңгейі сәуір айында тәулігіне 68 пайыз немесе 3420 пациентке дейін тіркелді. Пандемия басталғаннан бері 27682 пациент емделді, оның ішінде 26440 пациент сауығып, 534 жағдай қайтыс болды. Коронавируспен күреске барлығы жергілікті бюджеттен 13,8 млрд.теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындыққа 8,8 млрд. теңге бағытталды. Медициналық ұйымдарда 17 компьютерлік томограф, 53 рентген аппараты, 534 ӨЖЖ жұмыс істейді. Облыстың 17 ауруханасы оттегі стансысымен қамтамасыз етілген. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 818,2 млн.теңге бөлінді. Сондай-ақ оттегі концентраттарының саны 1350 данаға дейін өссе, оксигенотерапиямен қамту 45% төсекке жеткізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 31 реанимациялық бөлімше қажетті жабдықтармен жабдықталып, диагностика және емдеу хаттамалары сақталуда. Сондай-ақ, жоғары ағынды оттекті терапия әдісі енгізілді, 10 000-нан астам адам ем қабылдады. Жалпы, медициналық жабдықпен қамтамасыз ету 79 пайыздан 89 пайызға дейін артты. 200 төсектік жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға беріліп, ауыр науқастар мен балаларға арналған көп бейінді ауруханалар базасында 2 ахуалдық орталық құрылды. Коронавирустық пневмонияны ерте кезеңде анықтау үшін жаңа цифрлық жүйе енгізілді.

Дәрігерлерді баспанамен қамту мәселесі де рет-ретімен өз деңгейінде шешіліп келеді. Денсаулық сақтау саласында ағымдағы жылы үш ауылдық дәрігерлік амбулатория іске қосылса, жеті нысан салынуда. Дәрігерлер тапшылығын жою үшін медицина қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесі шешілуде. Өткен жылы жергілікті бюджет қаражатынан медициналық қызметкерлерге 127 пәтер сатып алуға 756 млн.теңге бөлініп, мамандар тартуға үлкен көмек көрсетті. Бүгінгі таңда облыста 57 терапевт, 23 педиатр, 26 анестезиолог-реаниматолог, 21 акушер-гинеколог, 11 неонатолог, 17 инфекционист дәрігерлердің орны бос тұр. Облыс әкімдігі медициналық ұйымдарға білікті кадрларды тарту және қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізуде.

 Жыл сайын ең тапшы мамандықтарды тарту үшін облыстық әкімдік көтермеақы қаражатты, жеңілдікті кредиттерді және басқа да қолдау шараларын қабылдаған. Осыған орай, өткен жылы облысқа 86 резидент келсе, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 2019 жылдан бастап еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында 129 резидент дайындықтан өтуде.

Қысқасы, облыстың медицина саласы жылдан-жалға кемелденіп, тұрғындардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндікті толық қолдану деңгейіне жетті.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді