Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын талдау аясында актив жиналысы өткізілді

Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Жолдауын жариялады. Ел дамуының негізгі мәселелерін қамтыған аталмыш маңызды құжатта Мемлекет басшысы, ең алдымен - тәуелсіз еліміздің 30 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері мен даму процесін саралап өтті. Және алға ұойылған мақсаттарды, ауқымды міндеттерді анықтап, ішкі және сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарларды белгіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алдымен Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасы дамуының басты бағыттарын белгілеп, қорытындысын шығарды. Атап айтсақ, пандемиядан кейінгі еліміздің экономикалық ахуалы, дамуы жайында сөз қозғады. Облысымызда да мемлекет тарапынан бизнесті қолдау жалғасуда. Мысалы "Қарапайым заттар экономикасы" және "Бизнестің жол картасы" бағдарламалары өз тиімділігін көрсетті. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша 25 млрд.теңгеден астам сомаға 248 Бизнес жобасы қаржыландырылса, "Бизнестің жол картасы" шеңберінде бизнесті қолдау үшін 4,5 млрд. теңге бөлінген. Осы жобалар аясында біздің кәсіпкерлер қомақты қаражатқа ие болып, жеңілдетілген несие алды.

Келесі кезекте мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру бағытында сөз қозғап, денсаулық саласына ерекше тоқталды. Індетпен күрес жолында денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын нығайтуды тапсырды.

Биыл осы салаға 78,3 млрд. теңге  қаражат бөлініп, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 20 санитарлық автокөлік алынып, алдағы уақытта 70 медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу, 4,3 млрд. теңгеге 42 фельдшерлік-амбулаториялық, медпункттер, амбулаториялар, 4 модульдық құрылғы салу жоспарланды.

Кардиоорталық ғимаратын және облыстық көпбейінді ауруханасын салу жоспарға алынды. Бұның барлығы медициналық ұйымдардың қызмет сапасын арттырып, ауруларды ерте анықтауға жол береді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы білім саласына да аса мән беруді талап етті. Мемлекет басшысының Жолдауына сай педагогтардың жалақысы 2023 жылға дейін жыл сайын 25%-ға артатын болады. 2019 жылмен салыстырғанда педагогтардың еңбекақысы 2 есе көбейеді. Президенттің 1000 мектеп салу тапсырмасы аясында алдымызда 66 мектеп салу міндеті тұр. Бүгінгі таңда 10 мектеп құрылысы жүргізілуде, соның 2 – жеке инвестор есебінен салынбақ. 2023 жылдан бастап ауылдық мектептерде жан басына қаржыландыру енгізілетін болады, қазіргі таңда барлық 57 қалалық мектепте жан басына қаржыландыру енгізілген. Бұл қаржыландыруды теңестіріп, білім саласына инвестиция салуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар халықаралық байқаулар, олимпиадаларда жетістікке жеткен шәкірттер мен ұстаздар ақшалай ынталандырылатын болады.

Өңірлік саясатты жетілдіру бағыты бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бес жыл ішінде облыс халқы 100 пайызға таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Жолдауда көрсетілгендей 2030 жылға қарай су тапшылығының көлемі 40 пайызға жетуі мүмкін. Облысымыздың оңтүстік аудандарына Ресейден сатып алынатын су мәселесі өткен жылдармен салыстырғанда 2 есе көбейтілді.  Ендігі кезекте суды Президент тапсырмасына сәйкес үнемдеп пайдалану мәселесі қолға алынды. Жақында аталмыш мәселе бойынша кеңес өткізілді. Кеңесте Қараөзен мен Сарыөзеннен келіп жатқан судың көлемін анықтау үшін су есептегіш құралдарын орнату туралы тапсырма берілді. Сонымен қатар осы өзендер маңынан екі су қоймасы  құрылысын бастау жоспарда  бар. Жолдау аясында Орал қаласында қажет жерлердің бәріне су есептегіш құралдарын қойып, Орал қаласының әкіміне жеке секторда су үнемдеуді бақылау шараларын күшейту шаралары тапсырылатын болады.

Саяси жаңғыру және адам құқықтарын қорғау бағыты бойынша да облысымызда түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Жергілікті атқарушы органдардың жұмысын бағалау үшін азаматтық бастамаларды қолдау орталығы гранттар бөледі. Облыста 170 ауылдық ҮЕҰ қызмет етеді. Бұл бағытта іске асыру үшін 88 әлеуметтік жобаға 254 млн. теңге бөлінді. Облыста сайлау туралы жаңа заңнамаға сәйкес 33 ауылдық округте тікелей сайлау өткізілді. Облыста 82-ден астам этностар мен этностық топтардың өкілдері тұрады, 54 этномәдени бірлестік жұмыс істейді, облыс ассамблеясы жанында 200-ден астам қоғамдық келісім кеңесі, 144 медиация кабинеті және 7 татуласу орталығы белсенді жұмыс істейді.

Президентіміз барлық азаматтар үйлесімді этносаралық және конфессияаралық қатынастардың маңыздылығын түсінетінін атап өтті. Орал қаласын достық пен толеранттылық аумағы деп атауға болады. Мұнда 90-нан астам этнос пен түрлі конфессия өкілдері тұрады. Мемлекеттік тілге үлкен көңіл бөлінеді, әр түрлі ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлейтіні, өлең оқып, конкурстарға қатысатыны қуантады.

Мемлекет басшысы жариялаған бастамаларға сәйкес еңбекақы төлеуді арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгені құрайды.

Үшінші бастама аясында жүктемені 34% - дан 25% - ға дейін төмендете отырып, микро және шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлемді енгізу мүмкіндік береді. Төртінші бастама бойынша 2022-2025 жылдар аралығында мемлекет жыл сайын азаматтық қызметшілердің жалақысын орта есеппен 20% - ға арттыратын болады. Бұл облыстың 30 409 азаматтық қызметшісін қамтиды. Және бесінші бастама аясында азаматтардың жинақтары шеңберінде жыл соңына дейін облыс бойынша 1439 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету және кезекте тұрғандарға 469 пәтер, Отбасы банкінің салымшылары үшін 970 пәтер беру жоспарлануда. 2021 жылы әлеуметтік көмек түрінде тұрғын үй сертификаттарын беруге 300 млн.теңге бөлінді.

Жиналыс соңында депутаттар, мемлекеттік қызметшілер, Ақжайық өңірінің барлық саналы азаматтары жолдауда аталып өтілген құндылықтардың айналасында топтасып, қажырлы еңбек етуге шақырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді