Ср, 07 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда алдағы бесжылдықта 7 мың отбасы баспаналы болмақ

Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен Атырау облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жиынында айтылды», деп хабарлайды kazlenta.kz.

Фракция отырысында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Атырау облысының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жол картасы талқыланды. Облыстың Жол картасында 7 басым бағыт бойынша 128 іс-шара, 91 көрсеткіш жоспарланған.

«ҚР Тұңғыш Президенті, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Жол картасын» әзірлеп, жария түрде қарауды тапсырған болатын.Атырау облысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасы» әзірленіп, әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлар мен мерзімдер қойылып, жауапты орындаушылар белгіленді», - деді Махамбет Досмұхамбетов.

«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының басшысы Нұрлыбек Ожаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша Атырау облысында 3,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беріп, 7 мың отбасын баспанамен қамтамасыз ету жаспарлануда екенін жеткізді.

Сондай-ақ, облыс бойынша 7 кәріздік-тазарту иммараттарының құрылыстарын салу және қайта жаңғырту жобалары жүргізілетін атап өтті.

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов жиынды қорыта келе, фракция мүшелеріне «Жол картасының» орындалуы бойынша жергілікті атқарушы органдардың есептерін тыңдау, барлық әлеуметтік топтармен кері байланысты нығайту және тағы басқа бірқатар тапсырма берді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді