Сн, 12 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорданың бас дәрігері ревакцинациядан өтті

Бүгін қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қайта екпе алу үшін емханаға келді. Бұл жолы ол қазақстандық QazVac препаратын салдыртты. Басқарма басшысы вакцинаны таңдауда шешім немен байланысты және қайта вакцинациялау керектігін түсіндірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Инфекция мен вакцинациядан кейін иммунитеттің әлсіреуі деген табиғи процесс бар. COVID-19 – жұқпалы ауру, одан иммунитет қатты әлсірейді және ұзақ уақыт қалыптаспайды. Өзіңізді инфекциядан қорғау үшін ревакцинация жасау керек. Сонымен қатар, ревакцинация бір инъекция арқылы жүзеге асырылады, бұл сіздің иммунитетіңізді ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді», - деді Т.Мұратов.

Ведомство басшысы бұл жолы неге отандық вакцинаны таңдағанын түсіндірді. 

«Бірінші рет, ақпан айында мен Спутник вакцинасын алдым. Ол кезде екпенің бір-ақ түрі қолжетімді болатын. Ресейлік вакцинадан кейін QazVac немесе Sinofarm Vero Сell екпелеріне рұқсат етілгендіктен таңдауым әлбетте өзіміздің вакцнамызда үседі. QazVac клиникалық сынақтардың қажетті кезеңдерінен өтті және тәжірибе көрсеткендей, тиімділігін дәлелдеді» - деп толықтырды басқарма басшысы.

Сондай-ақ, ол қайта екпе алмаған жағдайда ағзаға қандай қауіп төнуі мүмкін екендігін қозғап өтті.

«Вирус мутацияға ұшырайды. Оның қаншалықты ауыр түрде өтетінін ешкім біле алмайды. Егер екпені қазір алмай вирус жұқтырар болсақ, ауру өте ауыр өтуі мүмкін», - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Бүгінгі күні ревакцинация науқаны басталғаннан бері қала бойынша медициналық қызметкерлер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және күш құрылымдарының қызметкерлері вакцинаны қайта алып жатыр. 

Жалпы елорда бойынша бірінші компонентті алғандардың саны 467 мыңнан астам адам. Тиісті контенгеттен Pfizer вакцинасын 5 мыңға жуық астаналық алды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты