Екпе алған адам вирус жұқтырған жағдайда иммундау қаншалықты көмектеседі? Бұл сұрақтарға № 6 қалалық емхананың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Диас Махметов жауап берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Дәрігер вакцина алған адам коронавирус жұқтырған жағдайда ауруханаға жатқызу қажет емес және оларға аз қарқынды терапия тағайындалатынын атап өтті.
«Вакцинация адамды коронавирус инфекциясынан қорғауға кепілдік бермейді. Ол ағзаға иммунитетті қалыптастыру үшін уақыт қажет. Иммунитет қалыптасып жатқанда, вирус ағзаға енуі және жұғып үлгеруі мүмкін. Бір нәрсені нақты айтуға болады, екпе алған адам коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдайда ауру әлдеқайда жеңіл өтеді. Вакцина алған пациенттің иммунитеті вирусқа тез жауап бере алады және емделіп шығуына ықпал етеді. Яғни вирусқа төтеп береді», - деді Диас Махметов.
Вакцинацияның екі кезеңінен өту маңызды. Екпенің алғашқы дозасы аурудың қаупін төмендетпейді, өйткені организм әлі иммундық жауап түзбейді. Екпенің екінші компонентін алғаннан кейін инфекция қаупі төмендейді, ауыр жағдайлардың даму жиілігі де азаяды.
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда халықты вакцинациялаумен қамту 67%-ды құрады. Мәселен, елордада вакцинаның бірінші компонентін 435 мыңға жуық адам алса, 396 мыңға жуық азамат толық иммундаудан өтті.
Қазіргі уақытта елордада вакцинаның үш түрі бар: ресейлік «Спутник», қазақстандық QazVac, қытайлық Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасы.
Мамандардың айтуынша, егде жастағы адамдарда короновирус ауыр түрінде пайда болуы мүмкін, бұл әлсіз иммундық жүйемен және кейбір созылмалы аурулардың болуымен байланысты. Дәрігер егде жастағы адамдарда COVID-19 қалай жүретінін айтты.
«Егде жастағы адамдарда вакцинациядан кейінгі жанама әсерлер көбінесе жеңілірек жүреді, өйткені олардың денесінде қанда кездесетін бөтен ақуызбен күресетін резерв жоқ. Вирус жұқтырған сәттен бастап алғашқы 3-4 күнде дене температурасы көтеріледі, бұлшықеттерде ауырсыну пайда болады. 5-7 күндері ауа жетіспеушілігі және жөтел пайда болады, ол біртіндеп ауыр түрге өте бастайды. Шамамен 8-9 күнде тыныс алу жеткіліксіздігі біртіндеп дамиды, желдеткішті қолдану қажет болуы мүмкін. Ал 10-12-күні вирус жұқтырған адам қалпына келе бастайды», - деп түсіндірді елордалық дәрігер.
Ол қаладағы ауру деңгейінің төмендеуіне байланысты осы жазда ковидке қайта бейімделген ауруханаларда негізгі қызмет қайта жанданғанын атап өтті. Сонымен қатар, азаматтар қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауы керек, өйткені COVID-19-бен күрес әлі де жалғасуда.
«Вакцина — COVID-19 вирусымен күресте кешенді шаралардың бір бөлігі ғана. Әлеуметтік қашықтық, қол гигиенасы, бетперде тағу, тестілеу, бақылау және оқшаулау пандемияның тез аяқталуы үшін маңызды болып қала береді», - деді елордалық дәрігер.