Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбылда ұрылар зауыттан 5 млн теңгенің өнімін жымқырып кетті

Жамбылда ұрылар зауыттан 5 млн теңгенің өнімін жымқырып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл ауданының полиция бөліміне ЖШС директоры хабарласып, 10-18 қараша аралығында белгісіз адамдар зауыт аумағындағы екі жүк вагонын ашып, жалпы құны 4 735 000 теңге көлеміндегі “натрий триполифосфаттың” 484 қабын, яғни 12,3 тонна өнімді ұрлап кеткендігі туралы шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар Тараз қаласының 28 жастағы және Жамбыл ауданының 30 жастағы тұрғындары болып шықты.

Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда