Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда алаяқ әйел тұрғынның 2,3 млн теңге тұратын зергерлік бұйымдарын иемденіп кетті

Таразда алаяқ әйел тұрғынның 2,3 млн. теңге тұратын зергерлік бұйымдарын иемденіп кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының полициясына Жамбыл ауданының тұрғыны – 42 жастағы әйел хабарласып, 2021 жылдың мамыр-шілде айларында алтын бұйымдарын тиімді сатуға көмектесу үшін белгілі бір әйелдің сеніміне кіріп, алдау арқылы 2 300 000 теңге тұратын зергерлік бұйымдарын иемденгенін айтып шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары облыс орталығының 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады, күдікті өз кінәсін мойындады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі таңда тергеу шаралары жалғасуда.

Аталған қылмысты жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің талаптары бойынша мүлкін тәркілей отырып, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Полиция департаменті азаматтарға көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК 196-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді