Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық аналар қала тұрғындарын екпе алуға шақырды

Нұр-Сұлтанда бала емізетін, жүкті әйелдер, сол сияқты балалар Pfizer екпесін белсенді түрде алып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Нұр-Сұлтан қаласына Pfizer екпесі жеткізілгелі бері оны алуға ниет білдіргендер қатары күрт артты.

«Бала емізетін болғандықтан №2 қалалық емханаға вакцина алуға келдім. Өзімнің, баламның денсаулығын ойлағандықтан екпе аламын деп шешім қабылдадым. Бәрін вакцина алуға шақырамын. Одан қорқатын ешнәрсе жоқ. Денсаулық бәрінен маңызды», - дейді қала тұрғыны Толғанай Әбдіғаниева.

Вакцина егу кабинеттеріне арнайы термоконтейнерлермен жеткізіледі.

«Pfizer екпесі осы емханаға жеткізілгенін білгеннен кейін бірден келіп отырмын. Мен анамын, емізулі балам бар. Өзімнің ғана емес баламның да денсаулығына жауаптымын. Екпе қауіпсіз, қайта қауіптің алдын алады деп ойлаймын. Инеден қорқатынымды жасырмаймын (күлді), бірақ вирус одан да қорқынышты. Екпе алғаннан кейін өзімді жақсы сезініп тұрмын. Вакцинаның еш қорқынышы жоқ, екпе алыңыздар», - дейді қала тұрғыны Виолетта.

Айта кетейік, елордада Pfizer вакцинациясын алуға болатын 5 мың жүкті, 28 мың бала емізетін әйел және 63 мың бала бар.

Қала бойынша барлығы 90-нан астам вакцинация пункті бар, бірақ Pfizer-ді тек медициналық ұйымдар мен білім беру мекемелерінің медициналық пунктерінде егеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті