Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Pfizer екпесін алғандар денсаулығы туралы айтты

Елордада Pfizer препаратымен вакцинациялау жалғасуда. Бұл препарат тегін негізде жүкті, бала емізетін әйелдерге, сол сияқты 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған. Қала әкімдігі сайтының тілшілері мектептерде вакцинацияның қалай өтіп жатқанын, оқушылар вакцинациядан кейін өздерін қалай сезінетінін анықтап білді.

«Бүгін біз 6 оқушыны вакцинациялауды жоспарладық. Оны ата-аналармен талқылап, жазбаша да, ауызша да келісім алдық. Мұндай жұмыс мектепке қанша вакцина әкелетінін анықтау үшін алдын ала жүргізілді, өйткені бір бөтелке 6 дозаға есептелген. Біз вакцинацияланатындардың санын алдын ала жоспарлап, белгілі бір құтыны алдырамыз», - деп атап өтті «Салауатты Астана» емханасының мектеп-мектепке дейінгі бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Еңсебаева.

Екпе алған оқушылардың бірі - №71 мектеп оқушысы Никита Киба отбасында бәрі вакцинацияланғанын айтты. Никитаның әкесі жүк тасымалдаумен айналысады, ал анасы анестезиолог, ауруханада жұмыс істейді. Отбасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияны бәрі оң қабылдаған.

10-сынып оқушысы Дана Манабаева да вакцинациялау туралы шешім қабылдады, өйткені ол екпенің тиімділігіне сенеді.

«Интернетте вакцинадан кейін адам өлетіні немесе қандай да бір қорқынышты салдары бар екендігі жайлы жалған ақпарат көп. Бірақ олардың көпшілігі зерттелмей тұрып жазылған ақпарат. Олар вакцинаның құрамы туралы білмейді, қалай жасалатынынан бейхабар, сөйте тұра жалған ақпарат таратады. Ата-анам бала күнімнен тиісті вакциналарды алдырып келеді, сондықтан екпенің тиімділігіне, пайдасына сенемін. Вакцинациядан кейін өзімді жақсы сезініп жүрмін, ешнәрсеге шағымданбаймын», - дейді орта мектеп оқушысы.

Дана Манабаеваның анасы М. Айлен қызына вакцина алу туралы шешімді түсіндіріп берді.

«Баламызды қорғау үшін вакцинациядан өту туралы шешім қабылдадық. Себебі қызым заманауи бимен айналысады, шетелдегі жарыстарға жиі шығады, саяхаттайды. Мен вакцинаның тиімділігіне сенемін, өйткені ортамызда коронавируспен ауыратындар көп, ал екпе алмағандар жағдайды қиындата түседі. Қазір емізулі балам бар, сол себепті өзім де жақын арада екпе алуды жоспарлап жүрмін. Отбасымызда бәріміз екпе алдық», - бұл оқушысының анасы.

Қала бойынша бір тәулікте Pfizer препаратын тиісті контингенттен 339 адам алды. Оның ішінде 14 жүкті әйел (16-36 апта), 133 бала емізетін әйел және 12-17 жастағы 192 жасөспірім бар.

Жалпы қала бойынша бірінші компонентпен 458 мыңнан астам адам вакцинацияланды, екіншісі – 423 мыңнан астам азамат.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді