Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Семей тұрғыны ашу үстінде бөтен көлікті өртеп жіберді ​

Семей тұрғыны ашу үстінде бөтен көлікті өртеп жіберді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 30 қазанында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ “102” жедел арнасына қаланың 18 жастағы тұрғыны жүгініп, 30 қазанда түнгі уақытта белгісіз біреу үйінің жанында тұрған оның “Nissan” автокөлігін өртеп жібергенін хабарлаған. Келтірілген залал 1 150 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 35 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

– Тергеу амалдары барысында қаскөй жәбірленушінің әкесімен бірге үйде ішімдік ішкені анықталды. Ішімдік ішу кезінде олардың арасында жанжал орын алған, ол жанжалдан әкесін қорғап 18 жастағы жәбірленуші араласып, қонақты бір рет ұрған. Осы соққының салдарынан 35 жастағы ер адам ашуланып, көшеге шығып, темекі шегіп, оның тұқылын жәбірленушіге тиесілі “Nissan Presea” автокөлігінің салонына лақтырып, одан әрі ашуланып қоршаудан шыққан соң сол жерде тұрған “ВАЗ-2199” және “Nissan Presea” маркалы тағы екі көліктің терезелерін сындырып кеткен. Содан кейін мас күйінде өзінің автокөліне отырып, үйіне бара жатқанда оны патрульдік наряд тоқтатып, полиция бөліміне жеткізді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабының 1-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясында екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді