Балпық би ауылында дзюдодан жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті. Оған Алматы облысының әр аймағынан 11 құрама, 350 -ден аса балуан қатысты. Спорттық шараны Талдықорған қаласының мешіт имамдары мен Көксу ауданы спорт бөлімі бірлесіп өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Ел болашағы - жастардың қолында! Сондықтан кейінгі толқын ұрпақтың дені сау, рухы мықты болып қалыптасыуына спорттің берер пайдасы мол. Дзюдодан өтіп отырған жарыстыңда басты мақсаты осы. Сонымен қатар, спорт шебері, Жансерік Нұрлыбековты еске алуға арналып отыр.
Ғалым-ғұламалар айтады-Пайғамбарымыздың хадисінде адам баласы екі нәрсенің қадірін білмейді соның бірі бос уақытпен денсаулықтың қадірі деген. Ислам ғалымдары айтады,адам денсаулығын күту міндетті, - дейді. Спортқа бос уақытын арнауы да жайыз рұхсат деген. Мақсатымыз, осы өңірімізде үлкен Олимпиада, әлем чемпиондары шуғуға ниеттеніп осы жарысты ұйымдастырып атқан жағдаймыз бар, - дейді Талдықорған қалалық "Тәубе" мешітінің бас имамы Керімбек Сәрсенбайұлы.
Көксу аудандық дзюдо мектебі Жетісу өңірінде беделді спорт мекемесінің бірі. Бұл орталықтан Айдос Қаңлыбаев және Айжан Өкісбекова сынды, есімі елге таныс балуандар дайындалып шыққаны белгілі. Олардың жеңісті жолын жалғап келе жатқан ізбасарлары да жетерлік. Солардың бірі, Ерасыл Қошыманов. Ол 11 жаста. Алдын-ала кездесулерінің барлығында қарсыластарынан басым түсті. Тек финалда есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдегері атанды.
- Бұл да жаман нәтиже емес, алайда, алдағы жарыстарда бар күшімді салып, алтын алуға тырысамын. Жарыс өте жоғарғы деңгейде өтті. Осы сайысты ұйымдастырған ағаларға айтар алғысым шексіз, - дейді облыстық жарыстың күміс жүлдегері Ерасыл.