Талдықорған өңірінің кәсіпкелерімен имамдары көпбалалы және тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратып, қыса дайындық жүргізіп, балалаларының оқуына көмек көрсетуде. Қайырымдылық жасап, игі іске ұйытқы болған азамат көмекке мұқтаж жандардың үйіне барып, тұрмыстық жағдайымен танысуда. Жыл басынан бері 236 миллион теңгеге қайырымдылық жасалған, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Жалпы айтқанда, жыл басынан бері 23 мыңға жуық отбасыға көмек көрсетілді. Оның басым көпшілігі аз қамтылған отбасыларға азық-түлікпен және ақшалай көмек. Жығылғанға сүйеу, жабырқағанға демеу болып жүрген белгілі кәсіпкерлер әрбір үйлерді аралап, тұрғындардың тұрмыстық жағдайымен танысып, қажеттіліктерін сұрап біледі. Оларға бұл қайырымды істе жергілікті имамдардың көрсеткен көмектері зор.
“Қайырылымдылық қашанда адам баласының жүрегіне қуаныш сыйлайтын іс. Сол себепті қайырылымдылық деген кезде, біздің халықымыздың қарап тұрып қалмайтындығына, біздің керемет көзіміз жетті. Біздің бастаған осындай қайырымды ісімізге ат салысып кеткен, халықтың барлығына үлкен алғыс айтамыз. Ол жақтағы Аягөз халқы Жетісу жұртшылығына үлкен ыстық сәлемдерін айтып, алғыстарын жаудырып жатыр“ – дейді Талдықорған өңрінің имамдары.
Тек қана Талдықорған емес, жалпы Жетісу өңірі қашанда жылағанның көз жасын сүртіп, жығылғанға дем беріп, қиналғанға қол ұшын соза білетін жомарт азаматтарға толы екені белгілі. Атап өтсек, өңірде Елдос Үшкемпіров, Темірлан Шайнүсіпов, Закиржан Кузиев, Асқар Сүлейменов, Дәурен Талипов, Виктор Хильниченко және де басқа мықты азаматтар жыл сайын мұқтаж отбасыларға көмектерін көресетіп келуде.
“Жағдайы бар адамдар өздерінің жанында жүрген бір-екі жағдайы төменірек болатын көршілеріне, туыстарына көмектесіп тұрса, сонда біздің еліміз әжептеуір деңгейге көтеріледі. Тек қана азық-түлікпен тоқтамаймыз. Әр үйдің керекті нәрсесін алдын ала сұраймыз. Мысалы, егер азық түліктері бар, киетін киімдері жоқ болса, біз сондай көмек етеміз” – дейді кәсіпкерлердің бірі.
Кәсіпкерлер мен мешіт өклідері қайырымдылық шараларын осымен тоқтатпақ емес. Алдағы уақытта мұқтаж жандарға көмек көрсетідң жоспарлап отыр. Осылайша, жомарт жандар бұл ісін басқа кәсіпкерлерге үлгі етіп, бастамасын қолдауға шақырады.