Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұрлан Ноғаев ТМД елдерінің Электр энергетикасы кеңесі отырысына қатысты

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев бейне-байланыс арқылы өткен ТМД елдері Электр энергетикасы кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Нұрлан Ноғаев өз баяндамасы шеңберінде кеңес қатысушыларын Қазақстанның электр энергетикасы саласындағы соңғы өзгерістерімен таныстырды. Атап айтқанда, 2020 жылдың желтоқсанында Қазақстан қабылдаған «Электр энергетикасы туралы» Заңға енгізілген өзгерістер жөнінде айтып берді. Түзетулер шеңберінде генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғылардың құрылысына аукциондық тетік енгізілді.

- Ағымдағы жылдың желтоқсанында қуаты шамамен 1000 МВт болатын әлеуеті жоғары жобалар бойынша аукциондық сауда-саттық ұйымдастыру жоспарланып отыр, деп атап өтті ҚР Энергетика министрі Н. Ноғаев отырыс барысында.

Сондай-ақ Энергетика министрі 2021 жылдың соңына дейін ЖЭК қуатын ағымдағы 1800МВт-тан 2100 МВт-қа дейін арттыру бойынша Қазақстанның жоспарлары туралы хабарлады.  

ҚР Энергетика министрі Н. Ноғаевтың айтуынша, 2020 жылы Қазақстанда электр энергетикасын өндіру 108 млрд Квт/сағ. құрады, ал 2021 жылдың қорытындысы бойынша 109 млрд кВт/сағ. өндіру күтілуде.

Отырыс шеңберінде Үйлестіру кеңесі туралы Ереже, ТМД елдерінің Электр энергетикасы кеңесінің регламенті  бекітілді, ТМД елдері Электр энергетикасы кеңесінің 2020 жылға есебі тыңдалды, Электр энергетикасы кеңесінің 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары өзектендірілді.

Сонымен қатар қатысушылар ТМД елдері Электр энергетикасы кеңесінің президенті лауазымына ұсынылған Ресей Федерациясының энергетика министрі Николай Шульгиннің кандидатурасын мақұлдады. Кеңестің вице-президенті болып Түрікменстанның энергетика министрі Чарымырат Хывалиевич Пурчеков сайланды.

Қазіргі кездегі ТМД ЭЭК президенті Александр Новактың (РФ) және вице-президент Усмонзода Усмонали Юнусалидің (Тәжікстан Республикасы) өкілеттіктері 2021 жылдың 21 қарашасында аяқталады.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді