Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада тағы екі Оқушылар сарайы ашылды

Астанада тағы екі Оқушылар сарайы ашылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жаңадан ашылған Оқушылар сарайы туралы жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада тағы екі мемлекеттік Оқушылар сарайын – «TANYM ART» және «TANYM SPORT» көпфункционалды кешендерін аштық. Олар балалардың шығармашылық, зияткерлік және спорттық әлеуетін дамытуға бағытталған.

Жалпы ауданы 12 мың 225 шаршы метрді құрайтын үш қабатты ғимараттардың әрқайсысында бассейн, спорт және концерт залдары, оқу кабинеттері, коворкинг-аймақтар және т.б. қарастырылған. Кешендерде STEM-технологиялар, техникалық және ғылыми шығармашылық, сол сияқты экологиялық-биологиялық бағыттар бойынша сабақтар өткізу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы аясында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. Жыл сайын жаңа мектептер, балабақшалар мен Оқушылар сарайларын ашамыз.

Бүгін ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен және ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовамен бірге Оқушылар сарайына бардық. Балалармен әңгімелесіп, орталықтың жұмысымен таныстық.

Іс-шараға белгілі спортшылар да қатысты. Олардың арасында дзюдодан әлем және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері Әбиба Әбужақынова, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев және әлемнің екі дүркін чемпионы Санжар Ташкенбай бар.

Жаңа мемлекеттік кешендер елордадағы қосымша білім беру инфрақұрылымын кеңейтіп, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне және қабілеттерін дамытуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, әр кешенде 100-ден астам жұмыс орнын ашу көзделген.

«TANYM ART» кешені Сарыарқа ауданындағы Бейбарыс сұлтан көшесі, 15 мекенжайында орналасқан. Ал «TANYM SPORT» кешені Алматы ауданының Төлеубаев көшесі, 3 мекенжайында ашылды.

Осыған дейін қалада төрт Оқушылар сарайы ашылған болатын, олардың арасында жеке инвестициялар да қарастырылған. Бұл бағыттағы жұмысты ары қарай жалғастырамыз», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды