Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жалпы білім беретін тағы 12 мектеп ашылады

Астанада жалпы білім беретін тағы 12 мектеп ашылады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында мектептер, балабақшалар, Оқушылар сарайы, медициналық мекемелер, спорттық нысандар және өзге де әлеуметтік нысандар бар. Мәселен, биыл елордада тағы 9 мектеп пайдалануға берілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша рекордты көлемде мектеп салынып, пайдалануға берілді. Атап айтқанда, 66 мың оқушыға арналған 24 оқу орны ашылды. Осы 24 мектептің 16-сы Мемлекет басшысының «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынды. Жаңа оқу жылының басынан бері тағы 9 мектеп өз жұмысын бастады. Ал келесі жылы тағы 12 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр», – деді Астана қаласының әкімі.

Сонымен қатар елордада мемлекеттік балабақшалардың құрылысы қайта жанданды. Биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 4 балабақшаны пайдалануға беру көзделіп отыр. Ал келесі жылы тағы 5 балабақша ашу жоспарланған, олардың қатарында жекеменшік балабақшалар да бар.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қосымша білім беру нысандары да салынып жатыр. Мәселен, Мұхамедханов көшесінде орналасқан TANYM жаңа Оқушылар сарайы ашылуға дайын. Сол сияқты келесі жылы тағы екі TANYM Art Оқушылар сарайы (Ақан сері көшесі мен С189 көшесінде) және TANYM Sport Оқушылар сарайы (М.Төлебаев көшесінде) ашылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті