Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте "Абай ғибратнамасы" кітабының тұсауы кесілді

Шымкентте
Фото: Gov.kz

Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заманының «Елім-ай» дастанының 300 жылдығына арналған «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен ғылыми-теориялық конференция өтті. Сонымен қатар, жиында филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимовтің «Абай ғибратнамасы» кітабының тұсауы кесілді.
«Абайдың бір сөзі сыпайлыққа, бір сөзі еңбектенуге, бір сөзі өнер, білім, ғылымға, бір сөзі әділет, арлылық, махаббатқа үндейді. Абай – көреген көшбасшы. Абай құдiретi дегенiмiз – ұлт болмысының құдiретi. Сол себептi Абай поэзия­сының таңғажайып көркемдiк нақыш­тары, сұлулық сырлары, әдеби-эстети­калық дүниетану даралығы, образ­дық-символдық астар-қабаттары телегей. Абай шы­ғармашылығы – замандар мен дәуiр­лер бойы жасаған халық тiлiнiң айнасы, ха­лықтың айдын шалқар өмiрлiк тәжіри­бесi, ақыл-ой қазынасы»,-деп атап өткен болатын Серік Негимов.
Абайды тану, Абайды зерделеу – ұлт қазынасына қосылған мол үлес. Абайды білу өзіңді, өз халқыңды білумен тең. Хакім жырларын зерттеу ісі тәуілсіздік жылдарынан бері жаңаша сипат алғаны көңіл қуантады.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Иран-Ғайып Оразбаев, қала мектептерінің әдебиет және тарих пәнінің мұғалімдері, кітапхана қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Тағылымды жиынды қоғам қайраткері Бекет Тұрғараев жүргізіп отырды.

Қоғам қайраткері Бекет Тұрғараев жыр дастанның 300 жылдығына арналған іс-шаралардың орындалу барысынан хабардар етті. Сот жүйесінің ардагері Өміртай Қалқұлов «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» дәуіріндегі Алқакөл орнының аталу тарихына, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов Қожаберген Толыбайұлының «Елім-ай» дастан жырының жазылу тарихы мен «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аталудың себептеріне тоқталды.

Іс-шара өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеріп, өз тарихын біліп, елін, жерін қорғауға және отансүйгіштікке тәрбиелеп, ұлттық рухты қалыптастыруды мақсат еткен.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек аталған кітаптың жастар тәрбиесіне қосар үлесі мол екенін атап өтті. Сәрсен Абайұлы келесі жылы қала оқушыларына арналған «Абай оқуларын” ұйымдастыру жоспарда екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, іс-шарада Серік Негимовтің “Абай ғибратнамасы” кітабының тұсауы кесілді. Қала ұстаздары, оқырмандар кітап мазмұны жайында ой-пікірлерімен бөлісті. Белгілі ғалым көпшілікпен емен-жарқын сұқбаттасып, оқырмандардың сауалдарына жауап берді.

Айта кетейік, Абай шығармашылығында оның мақсаткерлiк тұлғасына тән тәлiмгерлiк, өнегелiк қырлары аса мол. Автор еңбе­гінде соның бәрін cалмақтап-сара­лаған және Абайдың ел бiрлiгi, халық тағдыры, әлеуметтiк тұрмысы турасындағы асыл ойларын өрбiткен.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді