Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Шырайлы, шежірелі құтты мекен…» атты республикалық ақындар айтысы өтті

«Шырайлы, шежірелі құтты мекен…» атты республикалық ақындар айтысы өтті
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін «Түркістан» сарайында Қала күні мерекесіне орай «Шырайлы, шежірелі құтты мекен…» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен 12 ақын қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айтыс тізгінін ақын, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев ұстады.

Аламанда бақ сынаған ақындар Шымкент тұрғындарының еңбекқорлығы мен қаланың жеткен жетістіктерін шешен сөзбен жеткізді. Төл өнерге сусап жүрген қала халқы ақындардың терең мағыналы, әсерлі айтысына дән риза болып, зор қошемет көрсетті.

Айтыс екі кезең бойынша өтті. Қазылар алқасының төрағасы — Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қаламгер, қазақ спорт журналистикасының ардагері Несіп Жүнісбайұлы болды. Сонымен қатар, филология ғылымдарының кандидаты, белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазин, ақын-журналист, Қазақстан Жазушылар мен Журналистер одағының мүшесі Бауыржан Халиолла, айтыс өнерінің майталмандары — Айтақын Бұлғақов, Әдіхалық Әдірайымов, Маржан Есжанова және Өміржан Көпбосын төрелік етті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша байқау жеңімпаздары анықталды:

Бас жүлде – Нұрлан Есенқұлов (Шымкент қаласы). Жүлде қоры – автокөлік.

І орын – Жансая Мусина (Батыс Қазақстан облысы). Жүлде қоры – 2 миллион теңге.

ІІ орын – Біржан Байтуов (Шымкент қаласы) және Аспанбек Шұғатаев (Павлодар облысы). Жүлде қоры – әрқайсысына 1,5 миллион теңге.

ІІІ орын – Дидар Қамиев (Қарағанды облысы) және Ержан Әміров (Қызылорда облысы). Жүлде қоры – әрқайсысына 1 миллион теңге.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың арнайы Майлықожа атындағы сыйлығы Алтынкүл Қасымбековаға (Жамбыл облысы) бұйырды. Жүлде қоры – 700 мың теңге. Қалған барлық қатысушыға 500 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы берілді.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті