Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды

Алматыда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Алматыда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласында қауіпті көлік жүргізу фактілері мен қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында жүйелі рейдтік іс-шаралар жалғасуда. Кезекті өрескел құқық бұзушылық түнгі уақытта қаладағы сауда үйлерінің бірінің автотұрағында тіркелді. Жүргізуші автокөлікпен дрифт жасап, қатты шу шығару арқылы тұрғындардың тыныштығын бұзған, жол қозғалысы ережелерін елемеген және жол жабынына зақым келтірген.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны жедел түрде анықтап, ұстады. Аталған дерек бойынша оған қатысты заңнамада көзделген әкімшілік шаралар қолданылып, жиналған материалдар соттың қарауына жолданды. Сот шешімімен жүргізуші кінәлі деп танылып, әкімшілік қамауға алынды. Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаевтың айтуынша, мұндай әрекеттерді ойын-сауық немесе жүргізушілік шеберлікті көрсету деп бағалауға болмайды.

- Дрифт жасау арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрғындардың тыныштығына кедергі келтіру және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіру – заң талаптарын өрескел бұзу болып табылады. Мұндай құқық бұзушылықтардың барлығы анықталып, жолы кесіледі. Ал кінәлі тұлғалар міндетті түрде жауапкершілікке тартылады, – деді ол.

Алматы қаласының полициясы қала көшелері, аулалар мен автотұрақтар қауіпті маневрлер жасауға емес, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге арналғанын еске салады. Әрбір құқық бұзушылық заң аясында бағаланып, тиісті салдарға әкеледі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді