Мемлекет басшысы Словакия Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегриниді Конституция күнімен құттықтады.
Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген Қазақстан-Словакия қарым-қатынасы алдағы уақытта да дәйекті түрде дамып, жаңа мазмұнмен толыға түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Словакия халқына бақ-береке тіледі.