Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысы мен Түркия арасындағы тауар айналымы 231 млн долларға жетті

Алматы облысы мен Түркия арасындағы тауар айналымы 231 млн долларға жетті
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Тугба Алан Өзденфедакармен кездесті. Жүздесуде екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттыру барысы талқыланды,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Түркия мен Алматы облысы арасындағы тауар айналымы 231 млн долларға жетті. Қазіргі таңда өңірде түрік капиталының қатысуымен құрылған 147 кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен қатар облыста қос тарап бірлесіп құрған 31 кәсіпорын қызмет атқарады. Олар құрылыс материалдары, сүт өнімдері, фармацевтика, пластмасса, кондитерлік өнімдер және сусын өндірісі сияқты салаларды қамтиды. 

Кездесу кезінде Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов екі бауырлас халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи, мәдени және рухани байланыстарына негізделген стратегиялық әріптестік қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта өңірде түрік капиталының қатысуымен бірқатар табысты инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың қатарында өнеркәсіптік өнімдер өндіру және химия өнеркәсібі саласындағы жобалар бар. Біз түрік инвесторларымен бірлескен өндірістер құруға, озық технологиялар тартуға және экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды дамытуға мүдделіміз. Өз тарапымыздан біз инвесторларға жан-жақты ақпараттық қолдау көрсетуге және олардың жобаларын іске асыру мәселелерін тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп қарастыруға дайынбыз», – деді аймақ басшысы.

Шыңғыс Сайранұлының айтуынша, мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту да – маңызды бағыттардың бірі. Бүгінде еліміздегі түрік этносының төрттен бір бөлігі Алматы облысында тұрады. Өңірде 2005 жылдан бері «Ахыска» түрік этномәдени орталығы жұмыс істейді. Соңғы үш жылда облыстағы қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің 50 студенті Түркия еліне барып, тәжірибе жинады. Сондай-ақ 25 өндірістік оқыту шебері тағылымдамадан, 4 педагог біліктілікті арттыру курсынан өтті. Биыл Түркияның «Anadolu Turizm Mesleki ve Teknik Anadolu Lisesi» оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды. 

Жиын барысында Бас консул Тугба Алан Өзденфедакар екі ел арасында достық пен сенімге негізделген стратегиялық серіктестік орнағанын жеткізді. 

«Қазақстанда 3800-ден астам түрік кәсіпорны тіркелген, олардың жартысынан астамы Алматы қаласы мен облысында орналасқан. Сондай-ақ түрік құрылыс компаниялары Қазақстанда жалпы құны 30 миллиард долларды құрайтын 500-ден астам жобаны жүзеге асырды. Қазіргі таңда қорғаныс өнеркәсібі, энергетика және авиация саласында да әріптестігіміз қарқынды дамып келеді. Қазақстан – тоғыз жолдың торабында орналасқан логистикалық орталық. Сондықтан кәсіпкерлер мен инвесторлардың басын қосып, өңірге жаңа инвестиция тартып, әкімдікпен бірлесе жұмыс істеуге мүдделіміз», – деді Тугба Алан Өзденфедакар.

Кездесу қорытындысында қос тарап екіжақты байланысты әрі қарай жетілдіруге және туындаған мәселелерді бірлесіп шешуге уағдаласты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды