Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде құны 103 млрд теңге болатын толық циклді биофармацевтикалық кешен салынады

Елімізде құны 103 млрд теңге болатын толық циклді биофармацевтикалық кешен салынады
Фото: primeminister.kz

ҚР Президентінің фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін 50%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда ірі стратегиялық инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Құжатта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Khan Tengri Biopharma» ЖШС арасындағы «Алатау» арнайы экономикалық аймағында заманауи «Биофармацевтикалық толық циклді кешен салу» жөніндегі инвестициялар туралы келісім жобасы мақұлданды. 

Нысан дәрілік заттар өндірісінің озық технологияларымен жабдықталады деп жоспарлануда. Негізгі мақсат – 58 препарат түрін шығаратын өндіріс қуатын құру. Толық циклді іске қосуға, оның ішінде белсенді фармацевтикалық ингредиенттер өндіруге ерекше назар аударылады.

Кешеннің өндірістік портфеліне 27 халықаралық патенттелмеген атауы бар, соның ішінде онкологиялық, аутоиммунды, сирек және қабыну ауруларын емдеуге арналған препараттар кіреді.

Инвестициялардың жалпы көлемі 103 млрд теңгеден асады. Кешенде 180-нен астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жобаны жүзеге асыру еліміздің фармацевтика саласын дамытуда стратегиялық маңызға ие және локализацияны кеңейтуге, орнықты өндірістік базаны қалыптастыруға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар препараттардың импортын кезең-кезеңімен алмастыруға бағытталған. Одан бөлек, шығарылатын өнімнің бір бөлігін ЕАЭО, ТМД елдерінің, сондай-ақ Таяу Шығыс мемлекеттерінің нарықтарына экспорттау жоспарланып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді