Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов: Қазақстан $90 млрд-тан астам инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады

Олжас Бектенов: Қазақстан $90 млрд-тан астам инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Минск қаласында «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты. Үкімет жетекшісі көрменің экспозициясымен, сондай-ақ ұсынылған өнеркәсіптік және технологиялық шешімдермен танысып, пленарлық отырыста сөз сөйледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олжас Бектенов әлемдік экономиканың терең трансформациясы және жаһандық өндірістік тізбектердің жаңаруы жағдайында елдердің құзыреттерді, инвестициялар мен технологияларды біріктіру қабілеті айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған Қуатты әрі Озық Қазақстанды құру бағыты аясында ел экономикасы шикізаттық моделден қосылған құны жоғары өңдеу өндірістерін дамытуға жүйелі түрде бет бұрып келе жатқанына баса назар аударылды. Бүгінде олардың ел өнеркәсібіндегі үлесі 46,7%-ға жетті.

Премьер-министр өз сөзінде Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған және инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған ауқымды құрылыс бағдарламасын жүзеге асыру мәселесіне баса назар аударып, Қазақстанның бірлескен өндірістер құруға және жабдықтар шығаруды локализациялауға мүдделі екенін атап өтті.

«Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша еліміздің инфрақұрылымын кең ауқымда жаңарту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Үкіметтің алдына тұрақты экономикалық өсім мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін қажетті инфрақұрылымдарды озық қарқынмен дамыту міндеті қойылды. 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспар аясында $90 млрд-тан астам сомаға жобаларды жүзеге асыру көзделген. Нақты айтқанда біз энергетика, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік нысандарды қамтитын үлкен құрылыс бағдарламасы туралы сөз етіп отырмыз. Бұл өнеркәсіп кооперациясын дамытуға, жаңа кәсіпорындар құруға және тұрақты өндірістік тізбектерді қалыптастыруға елеулі серпін береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Цифрландыру контекстінде бүгінде Қазақстанда технологиялық инфрақұрылым дамып, өнеркәсіптік трансформация үшін толыққанды экожүйе қалыптасып жатқаны атап өтілді. IT-қызметтер экспортының көлемі қазірдің өзінде $1,1 млрд-тан асты. Alem.Cloud және AL Farabium суперкомпьютерлік кластерлерінің, Халықаралық Alem.ai жасанды интеллект орталығының болуы, сондай-ақ «ДӨО алқабы» жобасын салудың белсенді кезеңге өтуі өнеркәсіптік жасанды интеллектіні, кәсіпорындардың цифрлық сыңарын енгізуге және роботтандыруға мықты негіз қалыптастырады. Бұдан бөлек, Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дәйекті дамыту және негізгі транзиттік дәліздерді жаңғырту жүргізілуде, бұл жеткізу мерзімдерін қысқартуды қамтамасыз етеді және бүкіл Еуразияның өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін жеткізілімдердің экономикалық тиімділігін арттырады.

Пленарлық сессияға Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин, Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев, сондай-ақ Никарагуа өкілі қатысты.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді